105
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
4. Зыммилер – мұсылмандардың қол астындағы
өзге дін өкілдері. Олардың көпшілігін христиандар мен
мәжусилер құрайтын. Араларында аз болса да иудейлер
мен сабиилер кездесетін. Олар түрлі салаларда қызмет
етті. Тіпті, араларынан саяси жоғары лауазымға жет-
кендер де шықты. Олардың өз наным-сеніміне қандай
да бір қысым болған емес. Байқағанымыздай, Ирак тілі
де, түрі де ала-құла мәдениет, дін және тіл өкілдерінен
құралған космополиттік аймақ еді
176
. Уақыт өте келе
Куфа қаласында түрлі дін, мәдениетті ұстанатын
ұлттар мен ұлыстардың арасындағы алауыздыққа әрі
билік басындағылардың әділетсіздігіне байланысты ел
арасында тұрақсыздық жиі қылаң бере бастады
177
.
Ғылыми-мәдени жағдайы
Куфа әскери, саяси һәм сауда орталығы болумен
қатар ол жерде ғылым мен мәдениет те қоса дамыды.
Куфа өзінен бұрынғы Хира дәстүрін жалғастырды.
Мәдениет деңгейі жоғары саналған хиралықтар
арабша, грекше, Ибрани (Көне иврит), Арамей және
Сурияни тілдерін де қолданатын. Сонымен қатар, Хира
араб тілі мен әдебиетінің де орталығы саналатын. Бұл
өңірде кейін бір-бір мектептің іргетасын қалаған Аша,
Набиға, Үбәйд ибн Әбу Хазм, Амр ибн Күлсім, т.б.
секілді әйгілі шайырлар шықты
178
. Куфада араб тілі
мен әдебиеті, философия, медицина, сондай-ақ, көркем
жазу (куфи) өркендеді. Куфа – мұсылман халықтары
176
Ибнус-салах, Улумул-хадис, 360-б; әл-Иқдул-фәрид, ІІ, 74
177
Қ. Ержан. Куфа қаласы – Имам Ағзам Әбу Ханифаның туып-
өскен жері // «Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі
заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдары, Алматы 2009, 169-172-б.
178
Исфахани,
әл-Әғани, ХІ, 266