109
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
ерекшеленді. Мұның өзіндік себептері бар
187
.
Мәдинадағы өмір сүру салты көбіне сахабалардың
Пайғамбарымыздан естіп-үйренген немесе бір-біріне
еліктеу арқылы қалыптасқан жүйеден тұратын. Ал
Мәдина қаласынан өзге өңірлерде әр түрлі қоғамдық-
мәдени ахуалға байланысты туындаған мәселелерді
шешу талпынысы нәтижесінде Құран мен сүннеттен
жауабы табылмаған кей мәселелерде ғалымдар өз
ақылына сүйенуіне тура келді. Мұның өзі Құран мен
сүннеттен алыс кетпеген талпыныс болатын
188
. Ислам
мәдениеті келместен бұрын көне мәденеиеттердің
бесігінде тербелген бұл өңірлерде Суриянилердің мек-
тептер ашқаны, Иран мен Грек философиясының да
оқытылғандығы мәлім. Түрлі наным-сенімдегі адам-
дар бір-бірімен өзара пікірталастырып, қызылкеңірдек
болып таласып-тартысып жатушы еді. Ислам діні кел-
геннен кейін де бұл әдеттері бірден тыйыла қойған
жоқ.
Куфадағы саяси тұрақсыздық пен қайнаған өмір
жаңа ой-пікірлердің, түрлі діни топтар мен ағымдардың
187
Бұл жайлы төменде кеңірек тоқталатын боламыз. Тағы бір
ескерте кетерлік жайт, әрине, Куфаға келіп, ол жерде ғылымның
өркендеуіне үлес қосқан үлкен табиғин ғалымдарының бәрі
ИбнМәсғудтың шәкірті емес еді. Олардың арасында Мекке мен
Мәдинада тәлім алып, содан кейін Куфаға қоныс аударғандар
да жетерлік. Олардың арасында жоғарыда аттары аталған
Шурәйх ибнул-Харис, Ибраһим ән-Нәхәи, сонымен қатар Саид
ибн Жүбәйр бар.
188
Ф. Арабажы, // Ханефилигин олушумунда жоғрафи еткенлер,
Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким,
2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы,
Бурса, 2005, 1-т., 352-б.; А. Әділбаев, // Әбу Ханифаның өскен
ортасы және тарихи жағдай, Исламтану және араб филологиясы
мәселелері. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдары (2010ж.), Алматы. Нұр-Мүбарак 2011,73-81-б.