Previous Page  114 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 400 Next Page
Page Background

114

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

олардың айтып жүргендері Екі әлем сардарының өз

аузынан шыққандай нақты әрі анық емес болатын.

Сондықтан, мен олар секілді бір жерінен болмаса бір

жерінен қателесіп кетермін бе деп хадис риуаят етуден

қорықтым» дейді. Сахабалар хадистерді нақтылығы

мен хақтығына сенімді болмайынша риуаят етпеген.

Өйткені, Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Біле тұра

менің атымнан жалған айтқан адам тозақтан өзіне

орын дайындай берсін»

194

деп қатаң ескерткен-ді. Және

бұл жайында Әбу Амр әш-Шайбани былай дейді: «Ибн

Мәсғудтың мәжілісінде отырған едім. Ибн Мәсғуд

Пайғамбарымыз былай деген еді деп хадис риуаят ете

бермейтін. Хадис риуаят етер кезде денесі қалтырап,

даусы дірілдеп, борша-борша қара терге түсетін.

Сондықтан, хадис риуаят еткеннен соң сақтық таны-

тып, «Пайғамбармыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

осы мәндес,

яки осының ар жақ, бер жағында бір хадис айтты»

195

дейтін. Абдуллаһ ибн Мәсғуд қате айтып қоямын-ау

деп қорыққандықтан, хадистерден емес, өз ижтиха-

дында қателесуді жөн көрген. Осылайша, дінге ине

жасуындай да зиянын тигізгісі келмеген сахаба ижти-

хад жасап пәтуа берер болса, «Бұл менің көзқарасым,

егер дұрыс болса, Аллаһтан, ал егер қате болса,

өзімнен» дейтін. Егер берген пәтуасының дұрыстығын

аңғартатын сахабалардың біреуінен хадис ести қалса,

қуаныштан төбесі көкке жететін. Өйткені, пәтуа беруін

бергенімен, оның қаншалықты шындыққа жақын

екендігін ойлап, уайымдайтын. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

көзін көріп, оның көркем насихатын

көңілдеріне тоқығандықтан сахабалар қандай да бір

194

Бұхари, Илм, 38.

195

Ибн Мажә, Мұқаддима, 2; Ахмед ибн Ханбәл, әл-Мүснәд,

1/452