Previous Page  115 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 400 Next Page
Page Background

115

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

ахуалға өз ойларымен (рай және ижтихадпен) үн қатса,

бағытынан жаңылмас үшін әрбір сөзін бағып сөйлеп,

асқан жауапкершілік танытатын. Егер бұл ижтихадта-

рынан кейін өздерінің берген пәтуасының күнгейінен

көлеңкесі көп екенін аңғартатын хадис табыла қалса, өз

байлауынан бас тартып, хадиске ден қоятын.

Осылайша, арасы бір-бірінен алшақ кетпеген екі

топ болды: Біріншісі, Пайғамбарымыздан хадис риуаят

етіп, сонымен шектелуді жөн санаса, екіншілер –

Аллаһ елшісінен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадис келіп жетпе-

ген мәселелерде рай мен ижтихадқа жүгінді. Алайда,

айтқан ойларына қатысты сахих хадис табыла қалса, өз

көзқарастарынан бас тартып, хадиске иек артатын

196

.

Негізгі айтпағымызға кіріспес бұрын Әбу Ханифа

мен оның мәзһабындағыларды сынауға себеп болған,

ол ол ма, хадис пен сүннетке қайшы деп саналған

«Рай» терминінің мән-мағынасы мен хадис және рай

мектебінің ерекшеліктеріне тоқтала кеткенді жөн

көрдік. Өйткені, осылай ету арқылы Әбу Ханифа мен

оның ізбасарлары іргетасын қалаған, Иракта арнайы

мектеп ретінде қалыптасқан райды тек олармен ғана

шектеуге келмейтіндігін, Әбу Ханифаның қолданған

райының да хадис пен сүннетке негізделгеніне көз

жеткіземіз.

Хадис пен сүннеттің не мағына беретіндігіне

қатысты ғалымдар түрлі көзқарас айтқанымен, көбіне

«Пайғамбарымыздың сөздері, іс-әрекеттері мен

тақрирлары (құптауы, наразылық танытпауы)» деген

пікірде түйіседі. Ал «Рай» сөзіне қатысты пікірлер

әр қилы. Жалпылама алғанда, «Араб тіліндегі роә

(көру, ойлау) етістігінен тарайтын рай сөзі термин

196

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

83-93-б.