Previous Page  121 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 400 Next Page
Page Background

121

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

бақшасына су жібермегендер де кездескен екен. Ал бұл

хадис басқа біреудің әйелімен жыныстық қатынасқа

бармау керектігі жөнінде айтылған болатын.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде

жұмыс уақытында адамдардың бір орында топырлап,

бір-біріне бөгет жасамауы үшін алқа-қотан (дөнгеленіп)

жиналып отыруына тыйым салған болатын. Бұл хади-

сте айтылған «Халқа» сөзі екі түрлі мағынаны білдіреді,

біріншісі, «Жиналып отыру», екінші мағынасы –

«Қырыну». Бұл хадистегі мағынасы дөңгеленіп жи-

налып отыруға саятын. Бірақ, кейбіреулер бұл хадисті

екінші мағынасында түсініп, жұма намазды 40 жыл

бойы қырынбай, тазаланбай оқып жүргендер де кезде-

скен екен

208

.

Хадис риуаят етіліп жатқан мәжілістердің бірінде

құдыққа тауық түскен жағдайда не істеу керектігін

сұрғандарға құдықты тауық түспейтіндей етіп жауып

қою керектігін айтып пәтуа бергендер де кездескен.

Міне, осы секілді хадисшілердің арасында

қарапайым, санасы таяз кейбір адамдар Әбу Ханифаның

үкім шығарудағы терең парасатын түсіне алмады.

Сондықтан, Әбу Ханифа жайында теріс ойлап, оның

хадистерге жеңіл қарағандығын айтып жала жапқандар

шыққан»

209

.

Шах Уәлиуллах Дәхләуий «Кейбіреулер әхлуз-захир

(хадисшілер) мен әхлур-рай тысында үшінші өзге топ

жоқ және әрбір қияс пен истинбат жасаушыны (үкім

шығарушы) әхлур-рай деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл

208

М. әс-Сыбаи,

әс-Сүннәту уа маканатуһа фи ташриғил

исламиати

, 471-б.

209

М. әс-Сыбаи,

әс-Сүннәту уа маканатуһа фи ташриғил

исламиати,

472-б.