Previous Page  124 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 400 Next Page
Page Background

124

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

«Саид ибн Мусәйяб әсәрда

215

адамдардың арасындағы

ең ғалымы, райда да ең фақиһы еді»

216

деген.

Саид ибн Мусәйябтың шәкірті әрі Имам Мәліктің

ұстаздарының бірі Рәбия ибн Әбу Абдуррахман әл-

Рәррух райды көп қолданғандықтан, «Рәбиятур-рай»

деп аталып кеткен. Міне, асхабул-хадис бола тұра

райды қолданғандықтары білдірілген осы табиғин

ғалымдары рай дегенде тікелей фиқһты меңзеген.

Осы рай өкілдерінің басты ерекшеліктері де олардың

мықты фақиһ болуында жатыр. Сондықтан, Пәздәуи

«Усул» атты кітабының кіріспесінде «Біздің бұрынғы

ғалымдарымыз асхабул-хадис және мәани еді» дей

келе», ғұламалар мәани (фиқһ пен рай) терминін Әбу

Ханифа мен оның мәзһабындағылар үшін қолданғанын,

сондықтан да олардың асхабур-рай деп аталғанын, рай

дегеніміз – фиқһ ілімінің бір атауы екенін»

217

айтқан.

Яғни, бұл екі топтыХижаз жәнеИрак аймағыменшектеу

дұрыс емес. Мәселен, Рабиатур-рай райшылығымен

аты шыққан мүжтәхид – мәдиналық, ал райшыларға

жаны қас Шағби болса – ирактық

218

.

Бағдади рай терминін көбіне насстарға назар аудар-

мастан жасалған жеке көзқарас ретінде танып, әхлур-

рай деп әхлус-суннаның тысындағы шектен шыққан

бидғатшыларға қолданған. Бұл сол кезеңдегі көптеген

хадисшінің ортақ көзқарасы еді

219

.

Кейбір ғалымдар асхабул-хадис пен райды өз

ішінде екіге бөліп: муғтәдил, яғни жұмсақ әрі қатты

215

Әсәр – сахаба мен табиғиндерге телінген сөз бен іс-амалдар

216

Ибн Сағыд, Табақат, 5/90

217

Пәздәуий, Усул, 1/15-16-беттен И. Хаккы Үнал, 36-б.

218

Х. Караман, Ислам хукукында ижтихад, Анкара, 1975, 109-б.

219

Ехлур-рәй,

Ислам энциклопедиси,

(М. Есад Кылычер) ТДВ,

Стамбул, 1994, 10-т., 523-б.