129
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
(Құран-хадис) қияс
228
жасаған табиғиндардың ара-
сында мәдиналық Саид ибн Мусәйяб, Сүләймен
ибн Ясар, Қасым ибн Мұхаммед, Мәлік және оның
мәзһабындағылар. Куфалықтардан Алқама, Әсуәд,
Убәйд, Шурәйх әл-Қади, Шағби... Хаммад ибн Әбу
Сүләйман, Әбу Ханифа және басқа да куфалық
фақиһтар»
229
дейді.
Хижаз медресесінде әрі Ирак медресесінде
насс табылмаған жағдайда пәтуа беруден тартынған
адамдардың болғаны секілді, рай мен қияс жолын
таңдап пәтуа бергендер де баршылық. Бірінші
топтағылардың ирактағы өкілі – Шағби, екінші топтың
өкілдері – Ибраһим мен Мужәхид еді.
Куфа мектебінің әхлур-рай деп аталуын
олардың Құран мен сүннетті тәрк етіп, тек жеке
көзқарастарымен үкім беруі деп түсінбеу керек.
Әхлул-хадис пен әхлул-фиқһ арасында Құран мен
сүнеттің негізгі дәлелдерге жататындығы және осынау
дәлелдер кей жағдайларда бірде-бір сауалды жауап-
сыз қалдырмайтын үкімге «айналса», мұндай сәтте
оның заң ретінде қабылданатындығына байланысты
келіспеушілік тумайтын. Аят пен хадистерді талдауда,
хадистердің сахихтығын белгілеудегі айырмашылық
олардың методологиялық өлшемдерінің әр түрлі бо-
луымен байланысты. Аят пен хадисте тікелей жауабы
жоқ мәселелерде рай бойынша үкім беру барлық
фақиһтардың ұстанған жолы болғандықтан, райды
қолданғандығы үшін асхабур-рай деп атау жеткіліксіз.
Өйткені, ақыл-ойды қолданбай діни үкімдерді түсіну
228
Аят пен хадистердегі үкімдерге қарап, салыстыра отырып үкім
шығару
229
Ибн Абдулбәрр,
Жамиғ
, 2-т., 61-62-б.