134
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
942 һ.ж.) «Уқудул-жуман фи мәнәқибил-имам Ағзам
Әби Ханифәтин-Нұғман», Абдулуаһһаб әш-Шағрани
(қ. 973 һ.ж.) «Мизан» атты кітабын жазды
239
. Ол жай-
ында Мәліки мәзһабының өкілі Ибн Абдулбәрр «әл-
Интиқа фи фәдәилис-сәләсәтил әиммәтил-фуқаһасын»,
ханбәли мәзһабынанЖәмалуддинЮсуф ибн Абдулһади
«Тәнуирус-сахифасын» жазған. Міне, осылайша
оны хадис саласы бойынша сынап-мінеу хижра жыл
санауының 9-ғасырынан кейін бәсеңсіді. Негізінен,
Әбу Ханифаға қарадай өшігіп, қарсы сөз айтып, пікір
білдірудің негізгі себебі, оны терең танымаудан ту-
ындап жатты. Яғни, оның үкім шығару тәсілі мүлдем
өзгеше болғандықтан, уақтысында көбі дұрыс түсіне
алмады.
Осы мәселеге қатыстыИбн Абдулбәрр «Хадисшілер
Әбу Ханифаны жамандауда шектен шықты. Олар Әбу
Ханифа риуаяттарды сараптауда рай мен қиясты ара-
ластырды деп айды аспаннан түсіргендей аптықты.
Алайда, ғалымдардың көпшілігі «Риуаят сахих болса,
қияс пен рай жарамсыз саналады» деген қағиданы
ұстанады.
Әбу Ханифа кейбір хадистерді ақиқаттығы күмән
тудыратын болғандықтан қабылдамаған еді, яғни,
талдап-таразылауға тура келетін кейбір ахад хадистер
еді. Сонымен қатар, одан бұрын басқалары да осы
әдісті қолданған. Әбу Ханифа секілді ақыл-ойға сүйене
отырып үкім шығарғандар да осы мәселеде алдыңғы
буын ғұламалардың ізімен жүрген. Өйткені, оның бұл
әдісі өз қаласындағы ұстаздары саналған Ибраһим ән-
Нәхәи ме Ибн Мәсғудтың шәкірттерінің жолы бола-
тын...
239
Аллаһ достлары, 4-т., 280-б.