Previous Page  131 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 400 Next Page
Page Background

131

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

үлкен рөл ойнаған. Алайда, Әбу Ханифаның екі шәкірті

Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің оның фиқһта қолданған

хадистерін жинастырып, жарыққа шығарған «Китабул-

әсәр» кітабы хадистерді дәлел ретінде қолдануда Имам

Мәліктен кем түспегенін нақты дәлелдейтін сол ерте

кезеңге тән маңызды құжат болып табылады.

Ирак мектебінің асхабур-рай деп аталуына қатысты

зерттеушілер түрлі пікірлер білдерген. Ахмет Әмин

Куфа мектебінің өкілдерінің көбісінің Йемендік рулар-

дан келгендігін, олардың Пайғамбармыздың арнайы

жіберген сахабасы Мұғаз ибн Жәбәлдан өнеге алғанын

айтса да, бұл аталмыш мектептің неге бұлай аталғанын

анықтап бере алмайды әрі көбіне шындыққа аса сай

келе бермейді

230

.

Куфалықтардың бұлай аталуына көбіне осы

мектептің фақиһтарының ұстазы саналған Омар ибн

Хаттаб (р.а.), Али ибн Әбутәліп (р.а.) және Абдуллаһ

ибн Мәсғудтың (р.а.) аят пен хадистердің астарындағы

негізгі себептерді зерттеп, зерделеп барып өз

көзқарастарымен үкім беруі ықпал еткен.

Көпшілік ғалымдар негізгі себептер ретінде

сол кезеңдегі ғалымдар арасындағы орын алған

бәсекелестік пен араб-мәуәли

231

арасындағы өзара тай-

таласты көрсетеді.

Ибн Абдулбәррдің сол ғасырлардағы ғалымдардың

бір-бірін аяусыз сынағандықтары жайлы риуаяттардың

негізсіз екенін білдіргенімен де

232

, бұл бір ғасырда өмір

230

И. Хаккы Үнал, 43-б.

231

Ұлты араб емес мәуәлилердің ілім саласының барлығында

дерлік алдыңғы қатарда тұруы да Ирак медресесін рай

жақтастары деген желеумен сынға алуға себеп болған.

232

Ибн Абдулбәрр,

әл-Жәмиғ,

2-т., 150-163-б.