Previous Page  126 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 400 Next Page
Page Background

126

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

кеткендігін байқаймыз. Негізінен, бұлай жіктеудің

ғылыми шындықтарға сай келе бермейтінін төмендегі

мысалдардан байқаймыз.

Хижаз бен Ирак мектебінің рай және

хадиске қатысты ұстанымдары

Бұл тақырыпта Хижаз бен Ирак мектептерінің

хадиске деген ұстанымдары мен райды қалай

қолданғандықтарын қарастыра отырып, кең тараған

қате пікірлерге назар аударуға тырысамыз. Осылай-

ша, тек Әбу Ханифаны сынауға негіз болған райды

көп қолданудың тек оған ғана тән емес екеніне көз

жеткіземіз.

Алдында да айтып кеткеніміздей, ғылыми ортада

асхабул-хадистің Хижазда, ал асхабур-райдың Иракта

тарағандығына қатысты көзқарастың кең тарап

кеткендігі мәлім. Мұндай екі мектептің болғаны тарихи

шындық десек те, рай мен хадиске қатысты пікірталасқа

негізделген мұндай классификацияның жоқ дегенде

алғашқы екі ғасыр үшін дұрыс деу тым қиын. Өйткені,

Хижаздың тысында, тіпті асхабур-рай басым түсті

деген Ирактың Бағдат, Куфа, Басра, Уасыт секілді

қалаларында көптеген хадисшінің өмір сүргендігі

белгілі. Сондықтан, бұлай жіктеудің орынсыздығы

батыстық ориенталистердің де назарын аударған.

Гольдциер райшыларға қарсы кісі ретінде танылған

имам Мәліктің өзінің райды көп қолданғандықтан

кейбіреулердің оны «Тәаррақа (ирактық болып кету)

деп айыптағандығын, «Муатта» атты кітабына үңілген

кезде, оның «роайту» (менің жеке ойым, пікірім)

сөзін көп қолданғандығын, мұндай тәсілдің көбіне