Previous Page  122 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 400 Next Page
Page Background

122

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

олай емес. Райды жалаң ақыл мен түсінік деп ұқпау

қажет. Өйткені, ешбір ғалым бұдан тыс қала алмай-

ды. Бұл сүннетке сүйенбейтін рай де емес. Ешқандай

мұсылман мұндай жолды ұстана алмайды.... Керісінше,

әхлур-рай дегеніміз, мұсылмандардың барлығы

немесе көпшілігі ижма жасаған (бірауыздан келіскен)

мәселелерге қатысты алдыңғы буын ғалымдардың

бірінің әдісіне сүйене отырып үкім шығарушылар...»

дейді

210

.

Ойымызды Мұхаммед Хұдаридің сөздерімен

тиянақтайық. «Әхлул-хадис Құранды түсіндіріп,

толықтырушысы және онымен Жаратқанға құлшылық

жасауға негіз боларлық діни қағидалар ретінде сүннетті

құбыла еткендер. Олар шариғаттың қағидаларын

белгілеуші Аллаһ пен оның елшісінің айтқандарының

астарына, мүжтәхидтердің ұстанған бірде-бір негізіне,

түрлі тармақтарға қатысты ешқандай әдістемеге

қарамайды. Шариғатта қалай айтылса (сөзбе-сөз) дәл

солай орындауға тырысады. Сондықтан, қандай да бір

мәселеге орай аят немесе хадис таппаса, үнсіз қалады,

яғни, пәтуа бермейді.

Рай мен қиясшыларға келсек, олар шариғаттың

мағынасының жалпы жұртшылыққа түсінікті болуы

керектігін айтады. Құран кәрімде сүннеттің де қолдап-

қуаттаған жалпы негіздердің бар екенін қабылдайды

және қандай да бір мәселеге қатысты аят-хадис жоқ

болса, шешімін күткен сол тақырыпқа байланысты

барлық мәселелерді осы негіздерге апарып сүйейді.

210

У. Дәхләуий,

әл-Инсаф фи баяни Әсбәбил ихтиләф,

(Ауд: Мұса

Хуб) 73-74-б. Йени академи баспасы, Стамбул, 2006.