Previous Page  119 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 400 Next Page
Page Background

119

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

дәлелдерді айқындап жатудан гөрі өз көзқарастарымен

үкім шығару және үкімдерді жүйелеуге жұмсады»

дейді. Тағы бір жерде ол хадисшілер мен асхабул-

хадисті екіге бөліп «Тек қана хадисші хадистерді

жеткізу мен оны жеткізушілердің жағдайын ғана білуге

шамасы жеткендер. Ал хадистен дәлел келтіріп, үкім

шығаруға келгенде дәрменсіз. Мұндай адамға асхабул-

хадис деуге келмейді. Өйткені, ол атау хадиске барын-

ша байланған, кез келген сауалдарға жауап беруге

шамасы жететіндерге ғана тән» дейді

205

.

Ибн Жәузи мұхаддистерді екіге бөледі. Бір топ

сахих пен жалған хадистің аражігін бір-бірінен ажы-

ратып беріп, шариғатты қорғап қалуды мақсат ет-

кендер, сондықтан, олар алғысқа лайық десе, ал

екінші топтағылар олардың мақсаттары бар болғаны

хадистерді жинап, ең сенімді дерек бізде деп өздерін

көрсету үшін табанынан тозғандар дейді. Имам

Зәхәби де мұндай хадисшілердің хадис риуаят етуден

басқа ештеңемен айналыспағанын, ал үкім берумен

айналысқандарды жақтыра қоймағандығын айтып

қатаң сынайды. Тіпті, Фахруддин әр-Разидің асхабул-

хадистің жетекшісі деп санап, ізбасарлары «Насырус-

сунна» (Суннаның қорғаны) деп атаған Шафиғидың өзі

хадисшілердің кәрінен (көре алмау, жақтырмау) құтыла

алмаған көрінеді

206

. Осыған қатысты реті келгенде әс-

Сыбаидің келтірген мынадай мәліметтерін де келтіре

кетейік:

«Әбу Ханифаның көзқарасының кейбір

ғалымдардың көзқарастарына қайшы келуі, яғни,

205

Ф. әр-Рази, Мәнәқубуш-Шәфиғи, 245-беттен И. Хаккы Үнал,

29-б.

206

Хаккы Үнал, 30-б.