118
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Ендігі кезекте ғалымдар түрлі пікір білдірген
«Әхлур-рай» және «Әхлул-хадис» терминдеріне
тоқтала кетейік. Кім әхлур-рай, ал кім әхлул-хадис
екеніне де қатысты ғалымдардың пікірлері әр қилы.
Хатиб Бағдади асхабул-хадиске діни тұрғыдан барлық
жақсы қасиеттерге ие болғандар
203
деп анықтама берсе,
Әбу Бәкір Аияштың (қ. 193 һ.ж.) «Әр дәуірдегі басқа
ғалымдарға әхлул-хадистің орны мұсылмандардың өзге
дін өкілдерімен салыстырғандағы орны секілді» деген
бағасын бергеннен кейін Шағрани бұл жердегі әхлул-
хадистің хадис саласында хафыз болмаса да барлық
әхлі-сунна ғалымдарын қамтитындығын айтады
204
.
Ибн Құтәйба әхлул-хадисті ең таңдаулы топ екенін,
әрқашан олардың беделінің жоғары болғандығын, олар
туралы жақсы пікір білдіргендердің мерейі үстем түсіп,
ал маңызын жоққа шығарғандардың былайғы жұрттың
алдында абыройдан жұрдай болғандығын, сондай-
ақ ел мен елдің арасын байланыстырған, естігенін
қыр асырған керуенмен көшіп-қонған жұрт арқылы
ауыздан-ауызға тарап жыр болып төгілді, сыр болып
ақтарылды.
Фахруддин әр-Разидің берген анықтамасы
Ибн Құтайбаныкінен мүлде өзгеше. Ол «Адамдар
Шафиғидан бұрын асхабул-хадис және асхабур-рай
деп екіге бөлінетін. Асхабул-хадис пікірталастыруға
қауқарсыз, тіпті асхабур-райдың жолын терістеудің
өзіне шамалары жетпейтін. Сондықтан, олардан дінге,
Құран мен сүннетке деген ешқандай жәрдем келмеді.
Ал асхабур-райге келсек, олар барлық күш-қуатын діни
203
Бағдади, Шәрәф, 145-146-б. И. Хаккы Үнал, 28-б.
204
Шағрани,
Мизанул-Кубра,
«Дарул-фикр» баспасы, Бейрут,
1995 1-т., 147-б.