Previous Page  113 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 400 Next Page
Page Background

113

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

шешімін табу үшін алдымен Құранға жүгінетін, іздеген

жауабын таба алмаса, хадистерден іздейтін еді. Ал егер

туындаған мәселенің жауабы осы екеуінен де табылма-

са, Құран мен хадисті негізге ала отырып, қияс (ана-

логия) әдісін қолданып ижтихад жасайтын. Бұл жай-

ында Омар (р.а): «Құран мен сүннеттен табылмаған

және жаныңа жат кез келген тосын жағдайға дайын

болуымыз керек. Ойламаған жерден ойсыратып кетпес

үшін алдын-ала қамданып, ізденуіміз керек. Ұқсас

мәселелерді таңдай білуді үйреніп, содан кейін салыс-

тыру керек»

193

деген. Яғни, бұдан Құран мен хадисте

жауабы берілмеген мәселелердің шешімін табу үшін

сахабалардың ижтихад жасағандығын көреміз.

Сахабалардың білім деңгейі әр түрлі болған. Соған

қарай кейбіреулері ижтихад жасауды дұрыс деп санаса,

кейбіреулері тек Құран және хадиспен шектелуді жөн

көрді. Жалпы алғанда, сахабалардың барлығы Құран

мен сүннетті басшылыққа алу мәселесінде бір ау-

ыздан келіскен. Егер әлдебір мәселенің жауабы осы

екі қайнаркөзде жоқ болса, фақиһ сахабалар ижти-

хад жасайтын. Сахабалардың кейбіреулері хадисті

Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

риуаят етсек

қателесерміз деп, хадисті мейлінше аз риуаят еткен.

Бұл мәселеге қатысты Имран ибн Хайсам: «Егер

қаласам, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадистерін таңды таңға ұрып екі күн үзбей айтар едім.

Бірақ, сахабалардың кейбіреулері Пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

естіген хадистерін риуаят еткен-

де кейде араластырып, кемітіп, кейде артық сөздер

қосып әнгіме қылып отырғанын көрдім. Олардың бұл

айтқан хадистерін мен де естіген едім, ақиқатында

193

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

83-б.