116
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
ретінде ойланып-толғанып, дұрыс бағытты табу жо-
лында ізденіске барғаннан кейін ғана түйген ой-пікір,
көзқарас деген мағынаны білдіреді. Ал, фиқһ методоло-
гиясында ол жайлы нақты аят пен хадис кездеспейтін
мәселелерде ижтихад жасаудың негізі саналған рай
шариғаттың белгілеген жолдарынан (методтары)
ауытқымай жасалған ақыл-ойға қатысты амал»
197
деп
анықтама беруге болады.
Мәмдух (сенімді, жағымды, оңды) және «Мәзмум»
(жағымсыз, датталған) деп екіге бөлінген рай сөзі көбіне
екінші мағынасында қолданылып кеткен. Оның себебін
шығыстанушы Гольдциер «Негізінен «Рай» сөзі қазіргі
араб тілінде пайдалы бір мағынаны беретін бір сөз және
«Жақсы, ықтиятты, дұрыс көзқарас» ретінде «Нәпсінің
жетегіндегі қателікке бастайтын, пәтуасы жоқ шешім
197
آراء من رأى، ما يترجح للانسان بعد فكر وتأمل
«Ақылға салып, ойланғаннан
кейінгі тұжырымды пікір».
Мұғжамул-фуқаһа
1/218; Хадисшілер
рай ғалымдары деп қияс ғалымдарын атаған. Өйткені олар
қалыптасқан ахуалға байланысты, егер хадистегі үкім кесімді
емес немесе хадис пен риуаят кездеспесе, өзінің көзқарасын
айтқан. Лисанул араб, 14/291;
Рай сөздікте «қөзқарас, ой» деген мағынаны білдіреді. Ал фиқһ
кітаптарында: «Ешқандай хадис пен аят болмаған фиқһи бір
мәселе жайында, мүжтәхидтің белгілі бір қағидаға сүйеніп айтқан
жеке көзқарасы»,
Ислам илмихали,
Дианет ишлери башканлығы,
Анкара, 2006, 1-т., 155-б; А. Шенер,
Қияс, Истихсан, Истислах,
Анкара, 1974, 51-б.; Х. Караман осыған қатысты: «Хазірет Омар,
Ибн Мәсғуд, Ибн Аббас және Али секілді сахабалардан келіп
жеткен және ижтихадтың уақыты мен мәнін түсіндіретін сөздерде
Құран, сүннет және тура жолдан қия баспаған имамдардың
айтқандарында қандай да бір мәселенің үкімі табылмаған
жағдайда барып үкім шығару тәсілі яғни, сахабалардың тәсілі
«ижтихадур-рай» немесе тек «рай» деп аталған. Бертін келе қияс,
истислах, истихсан секілді ижтихад жасау тәсілдері осы ұғымның
аясына кіріп кеткен» дейді. Қараңыз: Х. Караман,
Ислам хукукын-
да ижтихад
, Анкара, 1975, 57-б.