125
Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай
(радикалдар) деп жіктейді. Бұл жіктеуге сай аят-
хадистердің тек тікелей мағынасын алып, сахаба-
лар пәтуасын дәлелге санамаған захирилер асхабул-
хадистің радикалды тобына, ал рай мен хадисті сирек
қолданып, үкім шығарар кезде хадиспен қатар сахаба
һәм табиғиндердің пәтуаларымен шектелуге тырысқан
хадисшілер муғтадил, яғни, жұмсақ топтағыларға
жатқызылады. Олардың қатарына Ахмед ибн Ханбәл
мен алты хадис жинағын құрастырушы ғалымдар кіреді.
Ал асхабур-райдың жұмсақтарына көбінесе Құран
мен хадисті негізге ала отырып, осы мәселелерге аса
жауапкершілікпен қарап, аят пен хадисте айтылмаған
мәселелерде қияс пен рай әдісін қолданып, үкім
шығаруға тырысқан имам Әбу Ханифа, Шафиғи, Ибн
Әбу Ләйлә, Әузағи, Суфиян әс-Сәури секілді фақиһтер,
ал радикалдарына Құранның тысында басқа дәлелді
қабылдамағандар жатқызылған
220
.
Табиғин кезеңінде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
бен сахабалар арасында қолданылған ойлану, пікір
түю және мәселелерді бір-бірімен салыстыра отырып
елеп-екшеу мағынасында рай әрі хадисшілер тарапы-
нан, әрі асхабур-рай деп аталған адамдар тарапынан
да қолданылғандығы шындық
221
. Соған қарамастан
өзара талас-тартыстың толастамауы нәтижесінде
осы пікірталастардың орталығының Хижаз бен Ирак
мектебі ретінде көрініс тауып, көбіне хижаздықтар
– «Хадисші», ал Ирактықтар – «Райшы» деп аталып
220
Х. Караман, Ислам хукукында ижтихад, 109-125-б; М. Есад
Кылычер,
Әхли рәй
// Ислам ансиклопедиси, 10-т., Стамбул,
1994, ТДВ, 523-524-б.
221
Ибн Абдулбәрр, 2-т., 61-б.; Х. Караман,
Ислам хукукында иж-
тихад,
106-б.