Previous Page  127 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 400 Next Page
Page Background

127

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

райшыларға тән екенін, хадисшелердің оған қатаң

түрде қарсы шығып, тиым салғандықтарын айтады

222

.

Ориенталист Шахт та «Хадисшілер тек қана

Мәдинамен шектеулі емес, Ислам елдері аймағының

бәрінде бар еді»

223

деген.

Ибн Хазм мәдиналықтардың өздерін асхабул-

хадис санап, соны мақтан тұтқандықтарын айта

отырып, оларды өткір сынның астына алады. «Олар

«Мәдиналықтардың келісіп түйген (ижма) үкімімен

амал еттік» дейді де тек қана Мәліктің көзқарасын

таңдайды. Негізінде, олар хазірет Омар, Абдуллаһ ибн

Омар, Айша, Саид ибн Мусәйяб, Қасым, Сәлім (р.а.)

және осы секілді өзге мәдиналықтардың көзқарасын ең

көп тәрк етушілер. Олар Ибнул-Қасым әл-Мысри мен

Сахнун әл-Ифриқидың (Африкалық) көзқарастарын алу

арқылы Мәлікке еліктеген. Өйткені, Қасым мен Сахнун

даМәліктеналды.Мәсруқ,ӘсуәдпенАлқаманыңхазірет

Айша, Омар мен Османнан (р.а.) алғандарына мүлдем

мән бермейді. Сөйте тұра, ұялмастан мәдиналықтардың

амалы бойынша әрекет етеміз дейді»

224

деп шүйлігеді.

Ибн Хазм Куфадағы табиғиндардың мәдиналық саха-

балардан ілім алғандықтарын көрсету үшін «Алқама

мен Мәсруқ Омар, Осман және Айша анамыздан

(р.а.), Ата да Айшадан (р.а.) көп ілім алған» дейді әрі

Мәдина мен Куфадағы табиғин ғалымдарының арасын-

222

Гольдциер, Muhammedanische Studien, II (Түрікшеге ауд. М.

Саид Хатибоглы ІІ), 217-218-б.

223

Ж. Шахт,

Ислам хукукуна гириш,

(түрікше аударған М. Даг-А.

Шенер), А.У. Илахиат факультеті баспасы, Анкара, 1977, 45-б.

224

Ибн Хазм,

әл-Ихкам фи усулил-ахкам,

Матбаатыс-саада,

Мысыр, 1326 һ., 4-т., 206-б.