Previous Page  133 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 400 Next Page
Page Background

133

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

мәзһабын таңдауында жатыр. Мәселен, Бишр ибн

Ғияс әл-Мәрәси (ө. 218) мен Ибн Әбу Дәуіт ханафи

мәзһабынан еді және олар «Құран махлұқ» деген

көзқарасты ұстанған

237

.

Әбу Ханифа мен оның ізбасарларын әхлур-рай деп

сынаудың астарында мәзһаб пен ғұрып айырмашылығы

жатқанын, соңғы кезең ғалымдарынан Жамалуддин

Қасыми «Кейбір мухаддистердің, әхлур-рай имамдары

жайында жазғандарын жинастыруды былай қойғанда,

оқуға дәтің шыдамайды. Оның себебі, әркімнің өз

мәзһабын дәлелдеп, өзгелердің көзқарастарын жоққа

шығаруды көздеген түсініктен туындап жатты. Бәлкім,

мәселеге тереңірек үңілсе, ақиқатты табар ма еді,

қайтер еді. Өйткені, ақиқат үнемі тек белгілі бір топтың

жағында болып, өзгелерді тәрк етуі мүмкін емес. Нағыз

әділ адам – барлық түсініктерді аяғына дейін зерттеп

барып, үкім беруші адам»

238

дейді. Әбу Ханифаны сынға

алғандардың шектен шыққандығы соншалықты, мұның

әділетсіздігін мойындаған өзге мәзһаб ғалымдары

оны ақтап алуды міндетіміз деп біліп, ол жайлы қалам

тербеді. Мәселен, Жәләлуддин ас-Суюти (қ. 911 һ.

ж.) секілді ірі шафиғи ғұламасы «Тәбидус-сахифә фи

мәнәқибил-Имам Әби Ханифа» атты кітабын, тағы

бірқатар шафиғи ғалымдары Шихабуддин Ахмад

ибн Хажар әл-Хәйтәми (Хәйсәми) (қ. 973 һ.ж.) өзінің

«Хайратул-Хисан фи мәнәқибил-Имамил-Ағзам Әби

Ханифа Нұғман», Зәхәби (қ. 748 һ.ж.) «Мәнәқибул-

Имам Әбу Ханифа уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухам-

мад ибн әл-Хасан», Мұхаммед ибн Юсуф әс-Салихи (қ.

237

Ибн Абдулбәрр,

Жамиғ

, 2-т., 63-б.; Бағдади,

Тарих,

13-т.,

398-б.

238

Ж. Қасыми,

әл-Жәрх уәт-тағдил,

Муәссәсәтур-рисәлә, Бейрут,

1985, 32-б.