132
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
сүрген ғалымдардың бір-бірін сынауда тым шектен
шығып кетуіне де жол ашқандығын көрсетеді
233
.
Әбу Ханифаның мәртебесі, фиқһ ілімінде мәшһүр
болуы баз біреулердің қызғанышын қоздырды.
Осы мәселеге қатысты Фадл ибн Мұса Синани
деген ғалымның айтқан сөздерін келтіруге болады.
Одан біреу: «Әбу Ханифаға жала жауып, жамандап
жүргендер жайлы не дейсің?» деп сұрайды. Сонда ол:
«Шындығында, Әбу Ханифа жұрт түсіне алатын әрі көп
түсіне бермейтін, олардың шамасы жетпейтін сондай
терең ілім әкелді. Мұны көре алмағандар, оған қарадай
жауықты»
234
деген екен. Ибн Абдулбәрр «Жамиул
баянил-илм» атты еңбегінде ғалымдар арасындағы
бақталастық жайында арнайы бір тарау арнап, көптеген
мысалдар келтірген
235
.
Сонымен қатар, имамдарды бір-бірінен жоғары
санауда ата-тегінің да маңызды рөл ойнағандығын
да айта кетуге болады. Мәселен, Фахруддин әр-Рази
шын мәнінде Шафиғидың нағыз асхабул-хадистің
имамы саналуы қажет екендігіне қатысты «Имам-
дар Құрайыштықтардан болады» деген хадисті дәлел
келтіре отырып, «Ілім мен дінде имамдыққаШафиғидан
лайық ешкім жоқ» деп ой түйеді
236
. Разиден бұрын өмір
сүрген шафиғи мәзһабының ғалымдарының біразы да
имамдарды бір-бірінен осы ата-тегіне қарап жоғары
қойған.
Ханафи мәзһабын райшы деп сынаудың тағы бір
себебі, кейбір мұғтазила имамдарының осы ханафи
233
И. Хаккы Үнал, 44-45-б.
234
әл-Фадл ибн Мұса әс-Синани, Тәһзиб әт-тәһзиб, 8-т., 286-б.
235
Ибн Абдулбәрр, 2-т., 151-б.
236
Рази, Манақиб, 133-134-тен И. Хаккы Үнал, 47-б.