Previous Page  137 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 400 Next Page
Page Background

137

Әбу Ханифаның өскен ортасы және сол кездегі тарихи жағдай

көтеріліп, кімді даттаса, сол масқара болатын. Осы

мухаддистер қолдарындағы бар хадистерге кереғар

секілді көрінген Ирактық фақиһтардың пәтуаларын

естіген кезде олар хадистерді елемей, өз көзқарастары

бойынша үкім берген деп ойлап, мәселенің байыбына

толық бармай жатып, оларды айыптаған. Нәтижесінде,

айыптаушы жақтың жаңсақ пікірі ел арасында кеңінен

тараған. Ирактықтарды, әсіресе, Әбу Ханифаны

сынап, жала жапқандар оның үкімі қандай дәлелге

негізделгенін білген кезде ойларынан бас тартып, ол

жайлы пікірлерінің жақсы жаққа қарай өзгергендігіне

қатысты тарихта көптеген оқиғалар орын алған.

Мысалы, имам Әузағи алғашында құлағына келіп

жеткен сыбыстарға сеніп қап, Әбу Ханифаны бидғатшы

дегендігі, кейін онымен кездескен кезде ол туралы

пікір түбегейлі өзгеріп, «Оның ілімінің тереңдігі мен

парасат-пайымының жоғарылығына таң қаламын. Мен

қатты қателесіппін. Өйткені, ол маған айтылғандардан

мүлде бөлек екен»

243

деген. Сонымен қатар, Бағдади

берген тізімде де кейбір адамдардың әрі жамандап, әрі

мақтағандардың қатарында да айтылуының да аста-

рында осы себеп жатса керек.

Куфадағы ұстаз бен шәкірт арасындағы тығыз

байланысқа негізделіп, өрісін кеңейткен ілім

алқаларында түрлі аймақтардағы ғалымдардың райға

немесе насстың түрлі түсініктері көрініс беретін

пәтуаларды ғылыми тәсілдерге сүйене отырып талдау

мен доктриналық көзқарастардың шығуына байланыс-

ты практикалық әрі теориялық жағы бар ауқымды

фиқһтық ұғым пайда болды. Сондықтан, ІІ ғасырда

қалыптаса бастаған Куфа мектебінің Мәдина мектебі

243

Бәззәзи,

Манақиб

, 45-46