Previous Page  90 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 400 Next Page
Page Background

90

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

– Олай болса, ақылыңды көрсет бізге, – дейді

мәжусидің өз сұрағын өзіне қойып. «Оны көрсету

мүмкін емес» деген мәжусиге Әбу Ханифа рух, ақыл

секілді кейбір бар нәрселердің де көріне бермейтінін

айтқанда жамағат дереу тәкбір айтып, қатты қуанады.

Әбден тығырыққа тірелген мәжуси ашуланып:

– Басы мен соңы болмайтын біреудің болуы

мүмкін бе екен? – деді. Сонда жас жігіт Имам Ағзам

Әбу Ханифа саспастан:

– Сен санау білесің бе? – дейді.

– Білемін, – дейді мәжуси.

– Бірдің алдында неше бар?

– Бірден бұрын сан жоқ.

– Дәл сол сияқты Аллаһтың да алдында ешқандай

жаратылыс жоқ.

«Жығылған күреске тоймас» дегендей мәжуси осы

жерде мына сұрақты қояды қырсыға түсіп:

– Жарайды, Аллаһты бар дейік, онда ол қай жаққа

қарай бағыт алып барады? Бұл сұраққа имам Ағзам

хазірет:

– Шамды жаққанда оның жарығы қай жаққа бағыт

алады? – дейді.

– Барлық жаққа жайылады, – деп жауап береді

мәжуси. Сонда имам Ағзам:

– Шамның жарығы барлық жерге тарайды екен де,

жер мен көктің нұры Аллаһ тағала барша жерді қамти

алмай ма екен? Мұны күннің өзі дәлелдеп тұрған жоқ

па? – дейді. Жеңілгенін біле тұра ақтық рет амал қылып

қалайын дегендей былай дейді:

– Сендер Аллаһты барлық жерде бар деп

ойлайсыңдар. Осыны қалай түсіндірер едің? – дейді.