Previous Page  86 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 400 Next Page
Page Background

86

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

– Бұның енді басқалай жауабы болуы мүмкін емес,

– десті шәкірттері. Сол-ақ екен, Әбу Ханифа үшінші

бір нұсқасын ойлап тауып, оны да дәлелдеп шықты.

Шәкірттері бұл жолы да оның уәжін еріксіз мойындап,

ең дұрысы осы деп тапты. Бірақ, көкейлеріндегі сауал-

ды да жасырып қала алмады:

– Уа, имам, бізге жалғыз өзіңіз үш бірдей

көзқарасты дәлелдеп бердіңіз, енді осыны өзіңіз

тарқатып бермес пе екенсіз?

– Бұл мәселенің ең дұрыс жауабы сендердің

алғашқы айтқандарың. Себебі, мынау, – деп жан-

жақты түсіндіріп берген соң, «Бұл мәселенің үш түрлі

жауабы бар. Әр жауаптың да фиқһта өзіндік орны бар.

Ең дұрысы, сендердің алғашқы айтқандарың, соны

ұстаныңдар, ал қалғандарын ұмытыңдар», – дейді

146

.

Мұндай дара, кез келген мәселеде көзқарасын

таңып, оған былайғы жұрттың көзін жеткізе алатын

зерек те ақылды ғалым ғана настардан (Құран мен ха-

дистен) үкім шығаруға лайықты еді. Үкім шығарумен

қоса дәлелі һәм түсіндіру тәсілі де нақты болатын. Әбу

Ханифаның осы қабілетіне тәнті болған Имам Мәлік:

«Егер бұл кісі тастан жасалған мына тіректі алтын

десе, оның алтын екенін дәлелдеп шығады» деп ағынан

ақтарыла мақтаған екен.

Һижри 148 (милади 765) жылы Мусул елі бас-

шыларына қарсы шығады. Мұндай көтеріліс бұрын

да бірнеше мәрте болған еді. Бұл жолғы көтеріліске

халықты харижиттерден Хасан ибн Мужадил бастап

шығады. Мұны естіген Халифа Мансұр ең танымал

146

Мұстафа әс-Сыбаи,

әс-Сүннету уа маканатуһа фи ташриғил-

исламиати

, Дамаск, 1978, 442-б.