85
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
бөгде елде жүріп санаң сарғаяйын деген бе? Не деп
отырсың өзі?» деп, Әбу Ханифаға дүрсе қоя береді.
Имам оларға:
– Тынышталыңдар, сендер не айтып отырсыңдар
өзі? – дейді.
– Мәселенің жауабы бұл емес, – дейді аналар
дүрлігіп.
– Сендердің жауаптарың дәлелмен бе, дәлелсіз
бе?
– Әрине, дәлелмен.
– Олай болса, қане, дәлелдеріңді айтыңдар!
Олар өз уәждерін айтады. Әбу Ханифа оларды
бұл жолы да мұқият тыңдап, соңында қарсы дау
айтады. Өзінің ойын дәлелдеп, ақыры жеңіп шығады.
Шәкірттері қателіктерін түсініп, имамның жауабының
дұрыстығын мойындайды. Сосын Әбу Ханифа, кенет,
мынадай тосын сауал қояды:
– Егер біреу сендерге алғашқы айтқан жауаптарың
дұрыс, Әбу Ханифаның айтқаны қате десе, не
дейсіңдер?
– Айдан анық дәлел тұрғанда сіздің пікіріңізді кім
теріске шығара алсын?
– Жоқ, – дейді Әбу Ханифа, – негізінде сендердің
алғашқы айтқандарың дұрыс, – деп, шәкірттерінің
айтқан ойын дәлелдеп шығады. Шәкірттері аң-таң
болып:
– Уа, ұстаз, бізді әрі-сәрі күйге қалдырдыңыз ғой,
– дей берді.
– Егер сендердің де, менің де айтқанымды
әлдебіреулер жоққа шығарып, басқа бір тұжырым
айтса қайтесіңдер, – деп Имам және бір сауал қояды: