Previous Page  83 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 400 Next Page
Page Background

83

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

Әбу Юсуфтың айтуы бойынша, біреу екінші бір

адамға «Иә, ибнәз-зәниәйн» (Әй, зинақордан туған

бала!) деп тіл тигізді әрі баланың әке-шешесі дүние

салған делік. Бұл жағдайда Әбу Ханифа: «Оған бір

ғана жаза (дүре соғу) беріледі. Өйткені, айтылған

сөз біреу-ақ» деп өз үкімін білдірген. Әбу Юсуф бұл

туралы «Біз осыны ұстанамыз. Ол сөзді бөліп-бөліп

айтса да, бірге айтса да оған бір ғана жаза беріледі»

дейді. Ал Ибн Әбу Ләйла: «Бұл жағдайда екі жаза

бір мезгілде беріліп, бір жерде орындалады» деп, ол

жазаны мешітте бергізген

144

.

Имам Сарахси бұл оқиғаны кітабында кеңірек

баяндап былай дейді: Куфада ақыл-есі ауысқан бір

әйел бар еді. Біреу соған зорлық көрсетіпті. Әлгі әйел

оған: «Иә, ибнәз-зәниәйн» (Әй, зинақор ата-анадан

туған бала) дейді күйіне сөйлеп. Әйелді сол кездегі

сот төрағасы Ибн Әбу Ләйланың алдына алып келеді.

Әйел айтқандарын мойнына алады. Сот төрағасы оған

жазаның бір түрін екі мәрте тағайындайды. Бұл жағдай

Әбу Ханифаға жеткенде ол: «Жеті жерден сүрінген

екен» деп, сот төрағасының қателіктерін былайша тізіп

шығады:

1. Үкім ақыл-есі дұрыс емес әйелдің мойындау-

ына негізделіп берілген. Алайда, оның мойындауы

қабылданбайды.

2. Ақыл-есі дұрыс емес адамға жаза берілген. Ақыл-

есі дұрыс еместер жазаға тартылатындардың қатарына

жатпайды.

3. Екі бірдей жаза берген екен. Бірақ, бір адам

көпшілікке жала жапса да, оған бір ғана жаза

беріледі.

144

Әбу Юсуф, Ихтиләф, 164-165-беттен И. Хаккы Үнал, 23-б.