81
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
Әбу Ханифа өзі туралы жақсы ойлап, жағымды
пікір қалыптасқандардың сөзін жалғанға шығармау
үшін олардың сенімінен шығып, лайықты әрекет етуге
тырысатын. Әбу Юсуфтың мына бір сөзі соған дәлел.
«Әбу Ханифамен бірге кетіп бара жатқан едім. Анадай
жерде екі адам өзара сөйлесіп тұрған. Кенет, біреуі
екіншісіне: «Әбу Ханифа түнде ұйықтамайды» дегенін
құлағымыз шалып қалды. Мұны естіген ұстазым:
«Аллаһқа ант етемін! Ешкім де менің істемеген ісімді
айтпайды» деп, елдің өзі жайлы оң пікіріне лайық
болу үшін сол күннен бастап түнгі уақытын намаз
оқумен, Аллаһқа дұға етумен, құлшылықпен өткізетін
болды».
Басқа бір риуаятта Яхия әл-Химани деген кісі
әкесінің былай дегенін естіген: «Мен Әбу Ханифамен
алты ай бойы таң уақытында бірге болдым. Ол құптан
намазының дәретімен таңғы намазын оқитын және әр
түні таңға дейін Құранды толық хатым ететін»
141
.
Ал Ибн Мубарактың Әбу Ханифа жайында «Бір
дәретпен бес уақыт намаз оқыған» дегені де бар. Бұл
риуаяттар Әбу Ханифаның құлшылыққа барынша
берілгендігін көрсетеді. Ол ел жастыққа бас қойғанда
тынығып алудың орнына құлшылық еткенді жөн
көрген. Шамасы келсе, аз ұйықтап, көп құлшылық
етуге тырысқан.
Оның құлшылық еткен уақыты ұйқыға жіберген
уақытынан көп. Әбу Ханифаның баласының тәрбиешісі
былай дейді: «Әбу Ханифаны танып-білгелі оның
бар түнді толық ұйқымен өткізгенін көрмедім. Жаз
мезгілінде бесін мен екінті намаздарының арасын-
да ұйықтайтын. Ал қыс мезгілінде түннің алғашқы
141
Бұл да сонда, 21-б.