77
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
3) Өте жомарт, қолы ашық, сараңдыққа жаны қас
болатын.
4) Діндар, тақуа, әр сәтін құлшылықпен өткізуге
тырысатын. Күндіз ораза ұстап, түнде намаздан бас
көтермейтін. Ол ғұламалардың арасында беделділігімен
қатар, саудада да алдыңғы қатардан көріне білді.
Жеке басындағы осы төрт қасиет оның саудадағы
айнымас ұстанымы болатын. Саудагерлер оған қайран
қалатын. Замандастары оны хазірет Әбу Бәкірге (р.а.)
ұқсататын. Өзі де Әбу Бәкірді (р.а.) үлгі тұтып, соған
ұқсағысы келген деседі. Біреуге сататын затын өзі
тұтынатындай мұқият тексеретін.
Бір күні Әбу Ханифа әлдебір әйелден жібек сатып
алмақ болады. Бұрын сауда жасап көрмеген әйел болса
керек, жібегін тым арзанға сатып тұр екен. Жүз дирхам
дейді. Әбу Ханифа жібек құнының бұдан әлдеқайда
қымбат екенін айтып, көбірек берейін десе де, әйел
жүз дирхам деп тұрып алады. Өйтіп-бүйтіп әйелді
төрт жүзге өткізуге көндіреді. Бірақ, бұл да арзан еді.
Ақыры Әбу Ханифа басқа бір саудагерді алып келіп
жібекті бағалатады. Жібек бес жүз дирхам шығады
136
.
Әбу Ханфаның әділдігі осындай болатын. Өзінің
қалтасынан бұрын сатушының пайдасын ойлайтын.
Сатушының аңқаулығын пайдаланып, пайда көру
деген ол кісінің түсіне де кіріп шықпас еді. Керісінше
сатушыға тура жолды көрсететін. Жарлы-жақыбайлар
немесе өзінің туыстары келсе, затты оларға өз
бағасымен сататын. Тіпті, тапқан табысын сыбағаң деп
сыйлап та жіберетін.
136
Хайсами,
Хайратул-хисан
, 44-б.