Previous Page  69 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 400 Next Page
Page Background

69

Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы

барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысатын. Бір күні

шәкірттерінің бірі: «Ұстаз, бұлай киінуіңіздің сыры

неде?» – деп сұрайды. Сонда Имам Ағзам: «Барлығы

маған қарап білімге талпынсын деп жақсы киінемін,

әйтпесе, бұлар мені күнәға жетелер жүк емес пе», –

деген екен.

Бір күні Әбу Ханифа үсті-басы алқам-салқам

біреуді көреді. Оның қолына мың дирхам ақша беріп

тұрып: «Үсті-басыңды дұрыста, жөні түзу киім ал»

деп құлағына сыбырлайды. Бірақ, әлгі адам: «Маған

бұл ақшаның қажеті жоқ, мен онсыз да баймын»

деп ақшаны алмай қояды. Сонда Әбу Ханифа: «Сен

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Аллаһ берген

нығметін құлының бойынан көргісі келеді»

122

дегенін

естімеп пе едің?» деп таза, жинақы киініп, халыққа

үлгі болардай мұсылман болуға насихаттаған.

Аңқылдаған ақ көңіл еді. Аз сөйлейтін, аз күлетін,

көп ойланатын. Сөйлескенде орта жолды ұстанатын.

Өзіне сауал тастамайынша, тіл қатпайтын. Әрбір істі

тиянақты істейтін. Біреулермен пікір таластыра қалса,

қарсыласыоған ауыр сөздер айтса да, сабырлықалпынан

айнымайтын парасатты ғалым еді Әбу Ханифа. Бір

күні халифа Харун әр-Рашид жанындағылардың Әбу

Ханифаны сөз етіп отырғандарын естіп: «Аллаһ Әбу

Ханифаға мейірімін төксін. Басқаларының көздерімен

көре алмағандарын ол ақыл көзімен көреді»

123

– деп

Әбу Ханифаның парасатын айтып өткен екен.

Әбу Ханифаның дәулетті болуы да оның өмірінде

маңызды рөл атқарған. Дін мен білім жолында

шәкірттерінің басына қандай да бір іс түссе ешқашан

122

Бағдади,

Тарихул-Бағдат

, 13-т., 361-б.

123

Курт, Ауни,

Имам Ағзам Әбу Ханифа хайаты

, Анкара, 32-б.