Previous Page  68 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 400 Next Page
Page Background

68

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Түр-тұлғасы мен ерекше

сипаттары

Әбу Ханифа көрген кісінің көзі тойғандай көрікті,

ұстамды, киген киімі жарасымды, әр ісінде ұқыпты

болатын. Басынан қара түсті «қалансуасын»

121

таста-

майтын. Бірде Куфа қаласында Әбу Ханифаның киім

киісі мен үстінен аңқыған әтірдің хош иісінен көңілі

жадыраған Ибн Мұғир: «Куфа мешітінде адамдарға

пәтуа беріп отырған, басында қалансуасы бар шейхті

көріп, айналамдағылардан «Бұл кім?» деп сұрадым.

Олар «Имам Әбу Ханифа» деп жауап қатты. Мен Әбу

Ханифаны осылай таныған едім», – дейді .

Әбу Ханифа сапалы матадан тігілген киім киетін.

Әрдайым әтір қолданатын. Аллаһтың таза әрі халал

қылған рызықтарын пайдаланатын. Ол достарының

да жақсы киінгенін қалайтын. Адамның өңін ашатын

сапалы сәнді киім таңдауына көмектесетін. Намаз

оқитын кезде Аллаһтың құзырында тұрғанын терең

сезініп, әрдайым ең әдемі киімдерін киіп, жұпар

аңқыған иіссу себетін.

Баласы Хаммад әкесін былайша сипаттайды:

«Әкемнің түр-тұлғасы келіскен сымбатты, үстінен

хош иіс аңқып тұратын. Оның келе жатқанын алды-

мен үстіне сепкен әтірдің иісінен сезуші едік», – дейді.

Әбу Ханифа Аллаһ алдында да, адам алдында да адал

еді. Бір кісідей жомарт, қара қылды қақ жарған әділ

кісі болған. Алда-жалда қолына ақша түсе қалса, алды-

мен білім жолында жүрген кедей шәкірттеріне беріп,

121

Бас киім, тақия