65
Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы
«әл-Журжаният», «әр-Руқият», «Зиядатуз-зиядат»
жатады
115
.
Имам Мұхаммедтің фиқ пен қатар хадис білімі
де жоғары еді. Ғалымдардың айтуына қарағанда ол
хадисті райден жоғары санайтын
116
.
Хасан ибн Зияд әл-Луълуий (қ. 204 һ.ж.)
Тумасынан куфалық Хасан ибн Зияд ұзақ
жылдар Бағдатта тұрған. Әбу Ханифаның таңдаулы
шәкірттерінің бірі. Ұстазының райды қолданғанын
сынағандарға қарсы ұстазын қызғаштай қорғаған.
Көптеген хадис риуаят еткенімен, мықты хадисшілердің
қатарына кірмейді. Әбу Ханифаның сабақтарда айтқан
хадистерін жинап, «Муснәду Әби Ханифа» жинағын
жазған
117
.
Осы аталған фиқһ мамандарынан бөлек ілімінің
тереңдігі әрі құлшылығымен аттары шыққан Дәуіт әт-
Тәий, Абдуллаһ ибн әл-Мүбәрәк, Исмаил ибн Хаммад
ибн Әбу Сүләймен, Мұсғаб ибн Иса, Уәки ибн Жәррәх,
Әбу Амр Әсәд ибн Бәжәли, Афиә ибн Иәзид әл-Әудий,
Қасым ибн Мағын, Яхия ибн Зәкәрия, Юсуф ибн
Халид әс-Сәмтий, Али ибн Мисхәр мен өзінің баласы
Хаммадты да Әбу Ханифаның ілімімен сусындаған
ғалымдардың санатына жатқызуға болады
118
.
Әбу Ханифаның еңбектері:
1. әл-Фиқһул-әкбар
Ең үлкен фиқһ деген мағынаға саятын бұл кітап –
әһлу-суннаның ақидасын қамтыған сан салалы еңбек.
115
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
233-233-б.
116
Ф. Сезгин, 1-т., 318-б.
117
Ф. Сезгин, 1-т., 433-б.
118
Сәймиәри, 90-152-б.