Previous Page  237 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 237 / 400 Next Page
Page Background

237

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

Пәтуа айту – үлкен жауапкершілік

Имам Мәлік, Иахия ибн Сайд, Ибн Аббастан

«Шындығында, барлық сұралған мәселелерге оңды-

солды пәтуа бере берген адам – есінен адасқан адам»

деген

410

және бұл жайында Сахнун ибн Сайд: «Пәтуа

беруден қорықпаған адамның әдетте көзқарасы

шектеулі, білімі таяз келеді» деген және басқа бір ри-

уаятта «Пәтуа беруден өзін тыйған адам ой-өрісі кең,

білімді адам» дейді

411

.

Кез-келген сауалдың жауабын нақты білу қажет.

Жауабы шариғатта бола тұра оны ескермей, өз ойымен

пәтуа беру – фиқһ қағидасына қайшы. Пайда болған

тығырықтаншығудыңжолышариғатта бар болса, соның

негізінде жауап береді, ал егер шариғаттан шешімі

табылмаса, пәтуа беру үшін мүжтәхид дәрежесіндегі

ғалым болуы тиіс. Бір мәселенің төңірегінде түрлі пікір

айтылса, оның ең дұрыс дегенін айту да мүжтәхидтің

ісі. Бұл жайында Сахнун ибн Сайд: «Мен қандай да

бір мәселе төңірегінде 80 білімді кісінің 80 пәтуасын

жадыма тоқыдым. Олай болса, мен олардың арасынан

ең абзалын таңдап алмай тұрып, қалайша бірден үкім

беруге асығамын» деп қойылған сауалға тыңғылықты

жауап беру үшін аталмыш мәселе жайында айтылған

ғұламалардың пікірлерін алдымен зерделеп алатын.

Содан кейін ғана солардың айтқандарының ең абза-

лына тоқтап, жауап беру керектігін түсіндірген

412

. Әбу

Ханифаға қандай да бір сауал қойыла қалса, білгенін

410

Ибн Абдулбәрр,

Жамиғул-баянил илм,

2-т., 164-б., Иғламул-

мауаққиғин, 2-т., 64-б.

411

Ибн Абдулбәрр,

Жамиғул-баянил илм,

2-т., 816-817-б.,

Иғламул-мауақиғин, 2-т., 65-б.

412

Ибн Абдулбәрр,

Жамиғул-баянил илм (2211)