Previous Page  283 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 283 / 400 Next Page
Page Background

283

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Әбу Ханифа мен шәкірттері хадистердің көп бөлігін

құрайтын ахад хабарларды құжат ретінде қабылдау

мәселесінде өзі белгілеген талаптардан бөлек мынадай

қосымша сақтық шараларына ерекше мән берген:

• (Қаули және фиғли) Мәшһүр хадиске қайшы

келмеуі керек;

• Хадис өз деңгейіндегі басқа бір хадиске қайшы

келмеуі керек. Егер осындай үкімдері бірдей екі

хадис бір-бірін мағынасы мен мазмұны жағынан

теріске шығарса, онда осы хадис оны жеткізген

сахабалардың білік-біліміне, парасат-пайымына

қарай іріктеледі, яғни, фиқһ мәселесімен

қаншалықты айналысқаны, екі әлем сардарымен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қаншалықты араласқандығы

есепке алынады.

Бұған мысал ретінде Имам Ағзам мен имам Әузағи

арасында орын алған мына бір оқиғаны келтіруге

болады:

Суфиан ибн Уяинаның жеткізуі бойынша, Әбу

Ханифа мен Әузағи Меккедегі Дарул-хаятинда

жолығады. Әузағи Әбу Ханифаға былай дейді:

– Сіз рукуғқа барғанда және рукуғдан «қайтқанда»

неге қолдарыңызды көтермейсіз? – деп сұрайды. Сонда

Әбу Ханифа:

– Өйткені, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

рукуғқа барғанда және рукуғдан «қайтқанда» қолдарын

көтермеген. Тек намазды бастарда ғана көтергені жайлы

сахих хадиске сүйендім, – дейді. Сонда Әузағи:

– Қалайша, Зухри Салимнен, ол әкесінен, ал әкесі

Аллаһ елшісінен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

риуаят еткен ха-

дисте «Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

намаз-

ды бастағанда, рукуғқа барғанда және «қайтқанда»