Previous Page  288 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 288 / 400 Next Page
Page Background

288

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

жеткізген хадиске қатысты айтылады. Біз сөз етіп

отырған топтағы риуаятшылардың саны кем дегенде

әр тізбекте үш адамнан немесе одан көп болуы тиіс.

Олай болса, мутауатирдің шынайылығында

күмән жоқ. Егер қандай да бір хадис, яки, оқиға му-

тауатир тізбегі арқылы жеткен болса, оған сөзсіз сену

керек, Ислам шариғатында мұны көзбен көргендей

нақты дәлел ретінде қабылдаған. Мысалы: намаз

ракаттарының саны, намаздың саны, зекеттің мөлшері

секілді парыздар осы мутауатир тізбегімен жеткендігі

нақты дәлелденген. Құран кәрім де осындай мутауатир

тізбекпен жеткен

515

. Мутауатир хадиспен амал ету –

парыз, оны мойындамау күпірлік болып саналады

516

.

2. Мәшһүр хадис

Мәшһүр хадис– сахабалар кезеңінде бір немесе

екі сахаба риуаят еткен, одан кейінгі (табиғин және

атбау-табиғин) уақытында мутауатир тізбегімен

жеткен хадис

517

. Мәшһүр хадистің мутауатирден

айырмашылығы мынада: Мутауатир хадисте хадистің

сол рауилерге (жеткізушілерге) тән екендігіне ешкім

күмән келтіре алмайтын әрі Пайғамбарымызға

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

тән екендігіне де күмән жоқ. Ал мәшһүрде

Пайғамбардан риуаят еткен сахабаға тән екендігі күмән

тудырмағанымен, Пайғамбарымыздың өз аузынан

шыққан-шықпағандығына қатысты сәл де болса күмән

шақыратын ықтималын жоққа шығара алмаймыз

518

.

515

Паздауи,

Усул

, 2-т., 681-б.

516

Сарахси,

Усул

, 1-т., 292; З. Шағбан,

Усулул-фиқһ,

Анкара, 1990,

68-б.

517

Сарахси,

Усул

, 1-т., 292-б.

518

З. Шағбан, 68-б.