291
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы
бір сахабаның атын атамай ол өз көзімен оқиғаны
көргендей етіп хадисті айтуы;
2. Мүрсал табиғин: табиғиндердің біреуі сахабаның
бір хадисін жеткізерде оның есімін ескерусіз қалдырып,
хадисті өз атынан риуаят етуі;
3. Мүрсал атбау табиғин
523
– жоғарғы тізбектегі
(табиғинді немесе сахабаны) риуятшының аты аталмай
айтылған хадис;
Мүрсал табиғин мен мүрсал атбау табиғинді дәлел
ретінде қолдануға болады. Өйткені, өзінен жоғарғы
тізбектегі риуаятшы сенімді адам болғандықтан,
тізбекте оның атын атамаған және риуят етуші сенімді
адам.
4. Тәбәи табиғиндерден кейінгі ғалымдардың
мүрсал хадистері. Тәбәи табиғиндерден кейінгі біреуі
хадис жеткізгенде оған жеткізген рауилердің біреуінің
есімін немесе бірнешеуінің аттарын атамай, хадис
тізбегінен «кемітіп» айтар болса, бұл хадис тәбәи
табиғиндерден кейінгі ғалымдардың мүрсал хадисі
деп аталады. Бұл хадис тізбек жағынан «кем» соқса да
хадисті риуаят етуші сенімді, ғалым кісі болғандықтан,
хадисімен амал етуге әрі дәлел ретінде қабылдауға жа-
рамды
524
.
Мүрсәл хадистің дәлелге саналуы
Әбу Ханифада «мүрсәл» хадис егер қандай да
бір сахаба Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзі
естімей, «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтты»
523
Бірінші кезекте: Пайғамбарды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көрген
сахабалар, екінші кезекте сахабаларды көрген табиғиндер,
үшінші кезекте табиғиндерді көргендер атбағут-табиғин деп
аталады.
524
әл-Асғади, әл-Мужаз, 216-б