Previous Page  297 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 297 / 400 Next Page
Page Background

297

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

ибн Сәбиттен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Кепкен құрманы ағаш бұтағында

жеміс салып тұрған құрмаға айырбастауға рұқсат

берген. Олардың мөлшері жобамен белгіленеді. Жоба-

мен белгіленген мөлшерде біреуі артық, екіншісі кем

түсетіні белгілі, яғни екеуінің тең мөлшерде айырба-

сталуы өте сирек жағдайда ғана жүзеге асатындықтан

пайыз (риба) қосылу күмәні бар. Бірақ, мұндай күмәні

болып, фиқһтағы негізгі қағидаға қайшы келсе де,

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұл хадисін Әбу

Ханифа дәлел ретінде алған және сауданың бұл түріне

рұқсат берген. Кей отбасы кепкен құрмадан таршылық

көрмесе де, кептірілмеген құрма емге табылмаса, айыр-

бастау айып саналмайды. Ал салт-дәстүр бойынша бұл

қажеттіліктен туған қалыпты жағдай болып есептеледі.

Сондықтан, аталмыш хадис бойынша сауданың бұл

түрі елдің тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бір бөлігіне

айналып кеткендіктен, «жеңіл келу» қағидасына орай

дәлелге саналған

530

.

Тағыбірмысал, Ирак елінің ғұламалары«Мұсаррат»

хадисін қабылдамады. Негізгі қағидаларға қайшы

келгендіктен, имам Мәлік те бұл хадисті алмаған.

Өйткені, Исламдағы компенсация (шығынның

құнын төлеу) қағидасына қайшы. Мәселен, біреу

басқа біреудің қандай да бір затын жұмсап немесе

қолданып қойса, оның орнын толтыру үшін соған

ұқсас бұйымды тауып беруі тиіс немесе оның толық

құнын төлейді. Ал аталмыш қағида бойынша, яғни,

өзге біреудің өңешінен өтіп кеткен азық немесе өзге

530

әш-Шатиби,

Муафақат

, 3-т., 23-б.