Previous Page  298 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 298 / 400 Next Page
Page Background

298

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

біреудің бұйымының орнын басқа нәрсемен толтыруға

тыйым салынады»

531

.

Мұсаррат Әбу Хұрайраның Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Түйе мен қойды қайткен күнде

де өткізуді көздеп, сүтті етіп көрсету үшін айлаға

барып, оны әдейі саумай желіні жер сызған кезде

сатуы дұрыс емес» хадисіне қатысты. Алданып,

осындай бір малды сатып алған біреу оның сүтінің

аз екендігін бір сауғаннан кейін байқаса, оның таңдау

құқығы бар, қаласа, ол малды қайтарып береді және

сауып алған сүті үшін үстіне бір уыс құрма беруі тиіс»

деген пәтуа шықты. Аталмыш хадистің мағынасы

жоғарыда айтылған орнын толтыру қағидасына қайшы

келгендіктен, фиқһ ғұламалары хадисті алмаған және

оны әлсіз деп тапқан.

Риуаятшыларға байланысты хадистің үкімі

ғұламалар тарапынан сахих немесе әлсіз болып өзгеруі

мүмкін. Мысалы: ӘбуХанифа әлде бір риуаятшыны әділ

әрі сенімді деп білсе, екінші біреу оны әлсіз деп тануы

мүмкін. Негізінде, Әбу Ханифа хадис алған ұстаздарын

басқалардан артық танып-білген. Әбу Ханифа мен

сахабалардың арасын ары кетсе риуаятшылардың екі

ұрпағы ғана бөліп тұр. Буын алмасу кезеңі жақын әрі

оларды жан-жақты танып, қалағанын сұрап біле алатын

болғандықтан, хадистерге сын көзбен қарау оған көп

қиындық тудырған жоқ. Ал Хижаз бен Шам елдеріндегі

риуаятшыларды танымағандықтан, олар жайында тіс

жармайтын. Олардың риуаяттарын кейбір шәкірттері

сахих десе, оны Әбу Ханифа әлсіз деп танитын кездер

де болған. Кейде Әбу Ханифаның сахих дегенін олар

да дайф (әлсіз) деп пікір түйген.

531

Бұл да сонда, 3-т., 10-б.