Previous Page  301 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 301 / 400 Next Page
Page Background

301

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Ханифамен тілдескендіктен осындай күйге түстім.

Күмәнсіз, ол нағыз фиқһ ғалымы» деп, Әбу Ханифаның

фиқһтағы терең ілімін мойындаған екен.

Имам Мәлік Әбу Ханифаның кітаптарын

(шәкірттері арқылы жеткен еңбектерін) оқығандығы

жайында Ибн Әбил Ауам әс-Сағди, Әби Абдуллаһ

ибн Али әс-Саймиари, әл-Муаффақ әл-Харезми және

басқалары сахих тізбекпен жеткізген. Имам Мәлік Әбу

Ханифаның егжей-тегжейлі зерттеген алпыс мыңға

жуық мәселелерін жинаған екен. Олай болса, хадисте

танымал, фиқһ ілімін терең меңгерген ғалым Имам

Мәлік Әбу Ханифаның еңбектерін оқып, біліміне

таңырқап бас шайқаса, былайғы жұрттың ол туралы

жағымсыз пікір қалыптастырды дегенге кім сенеді?

Мәзһаб имамы Ахмед ибн Ханбәл да Әбу

Ханифаның көзін көрмеген, бірақ, Әбу Ханифаның

өзінен болмаса да оның шәкірті Әбу Юсуф арқылы

еңбектерін оқып, ижтихад жасаған мәселелерінен көп

нәрсе үйренген. Бұны Имам Ахмедтің өзі: «Үш жыл

ішінде Әбу Юсуфтан үш кітап толы еңбек жаздым»

деп, оның ілімінің мол екендігін тілге тиек еткен. Со-

нымен қатар, Әбу Ханифаның тағы бір шәкірті Имам

Мұхаммедтің де еңбектерін оқыған. Имам Ахмедтен

мұндай егжей-тегжейлі мәселелерді қайдан алғандығын

сұрағанда: «Имам Мұхаммедтің кітаптарынан»

533

деп

жауап берген.

Имам Шафиғидің Әбу Ханифа жайында жағымсыз

сөздер айтуы мүмкін емес, өйткені ол Әбу Ханифаны

жолықтырмаған, тек, оның шәкірттерін ғана яғни,

533

Кәсәри,

Танибул-Хатиб

, 180-б.