306
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
да сенімге қатысты мәселелерде түрлі көзқарас пен
топтардың тууына бірден-бір түрткі болды»
536
.
Һижра жыл санауы бойынша І ғасырдың соңы мен
ІІ ғасырдың басында осы иман негіздері саласындағы
дүниетанымдық қозғалыстарға байланысты мұғтазила
мәзһабы пайда болды. Муғтазила ғалымдары өздеріне
пікірі қарама-қайшы келген, кейбір адасқан топтармен
және өзге дін өкілдерімен күресу жолында көптеген
еңбектер жазды. Осы ғасырларда жазылған ақидаға
байланысты еңбектердің мазмұны негізінде Аллаһтың
сипаттары, тағдыр, үлкен күнә істегеннің жағдайы,
имамдық (халифалық) мәселесі төңірегінде өрбіді.
Абдулқахир әл-Бағдадидің айтуынша, әһлі суннадан
ақида тақырыптарына қатысты өзінің көзқарастарын
ең алғаш білдірген кісі Али (р.а.) болған. Өйткені, ол
харижиттер және қадариялармен кейбір мәселелер
бойынша пікір алысатын. Бағдадидің келтірген
мәліметтеріне қарағанда ақидаға қатысты ең алғаш
қалам тартқан – Әбуләсуад әд-Дуәли. Өйткені, кейбір
деректерде оның «Рисалә фи зәммил-қадария» атты
шығарма жазғандығы айтылады. Яхия ибн Мағмар,
Абдуллаһ ибн Әбу Ысқақ әл-Хадрами, Иса ибн Омар
әс-Сақафи, Әбу Амр ибн Алә және т.б. қадария мен
мұғтазилиттердің пікіріне қарсы шығарма жазған.
Хасан Басридің халифа Абдулмәлікке жазған тағдырға
қатысты рисаләсы да мәлім. Ал фиқһ ғалымдарынан
ақидаға байланысты алғашқы еңбек жазған Имам
Ағзам Әбу Ханифа (қ.767 ж.) болып табылады.
Әхлі сүннет ақидасының іргетасын қалаған
шығармалар һижри жыл санауы бойынша I ғасырда
536
С. Сейтбеков,
Иман негіздері,
«Көкжиек» баспасы, Алматы,
2010, 27-28-б.