

304
Сенімге қатысты топтардың
шығуы мен ақида ілімі
қалыптасуының алғышарттары
Ақида – араб тіліндегі ақд «түйіндеп байлау»
деген түбірден туындаған есім сөз. Дәл осы
түбірден туындаған иман ұғымына синоним ретінде
қолданылатын иғтиқад сөзі «Шын пейілмен илану,
түйіндеп байлап қойғандай жармасу» деген мағынаға
саяды. Олай болса, ақида дегеніміз – ақиқатқа шын
жүректен сенуді білдіреді. Ал термин ретінде «Ислам
дінінің негізгі ереже-қағидаттары, иман келтіру
міндетті болып табылатын үкімдер» дегенді білдіреді.
Яғни, діни ілімдердің осы саласы Ислам дінінің иман
негіздерін зерттеп, дәлелдеуді басты мақсат етеді.
Жалпылама алғанда, ақида ілімі иман негіздерін діни
мәтіндерге сүйене отырып түсіндіруді көздейді. Осы
ерекшелігін назарға ала отырып, кейбір ғалымдар ақида
мен «кәләм» ілімін бір-бірінен бөлек қарастырған.
Осыдан барып «Ақида Аллаһ тағаланың заты (Өзі),
сипаттары, пайғамбарлық пен ақыреттегі жағдайларға
қатысты мәселелерді талқылайды», ал «кәләм – әрі
осы тақырыптармен қатар соның негізінде күллі әлем
жайлы сөз қозғайтын ілім саласы» деген. Сонымен
қатар, ақида ілімі діннің негізгі үкімдері жайлы сөз
қозғағандықтан оны «усулуд-дин» (дін негіздері),
сондай-ақ, Аллаһ тағаланың жалғыз-даралығы мен
сипаттарын баяндайтындықтан, «илмут-таухид уәс-
сыфат» деп аталған
535
.
535
А. Саим Кылавуз,
Акаид
, Ислам ансиклопедиси, ТДУ, Стам-
бул, 1989, 2-т., 212-213-б.