307
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
жазыла бастады. Бірақ, бұл кезеңдегі шығармалар
ақида тақырыбына байланысты мәселелердің бәрін
толығымен қамтымай, көбіне адасқан ағымдарға қарсы
жауап беру мақсатындағы кішігірім шығармалардан
тұрды. Ал ақиданың негіздері һижри жыл санауы
бойынша ІV ғасырда Имам Әшғари (872-936) мен
Имам Матуриди (852-944) сынды ғалымдардың еңбегі
нәтижесінде құрылған сунниттік кәләм шеңберінде
жүйеге келтірілді
537
.
І. Әбу Ханифа өмір сүрген
кезеңдегі діни топтар мен
мәзһабтар
Шииттер
Араб тіліндегі ши‘а сөзі «жақтас, көмекші, топ»
деген мағыналарға келеді. Ши‘а сөзі термин ретінде
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүние салғаннан
кейін хазірет Али мен оның ұрпақтарын халифалыққа
ең лайықты деп тауып, оны діни мәтіндерге сай
заңды тағайындалған халифа санайтын, кейін келетін
халифалардың да Алидің ұрпақтарынан тағайындалуы
қажет дейтін топтарға жалпылама берілген атау болып
табылады
538
.
Бұл топ әу бастағы мұсылман әлемінің бірлігіне
сына қағып, сызат түсірген қозғалыстың ядросын
құрап, кейіннен сунниттік және шииттік деп аталған
екі үлкен топтың шығуына себеп болды. Өз кезегінде
537
А. С. Кылавуз, Акаид, 2-т., 212-б., И. Сейтбеков,
Иман негіздері
,
29-30-б.
538
Е. Рухи Фығлалы,
Чағымызда итикади ислам мезхеплери
, Сел-
жук баспасы, 6-басылым, Стамбул, 1993, 118-б.