Previous Page  311 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 311 / 400 Next Page
Page Background

311

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

келеді. Өз идеологиясы үшін соғысудан да тайын-

байды. Олар «Лә хүкмә илла лилләһ» (Үкім беру тек

Аллаһқа ғана тән) деген сөзге тістей қатып, бұлжымас

үкім деп біледі. Бұны діни талап ретінде ұққан олар

қарсыластарының бәрін осы сөзбен тойтаруға тыры-

сты

546

.

ХазіретОсман, хазіретАлижәне т.б. биліктегілерден

өздерін алшақ ұстау пікірі харижиттер арасында

кең тарады. Бұндай пікірге көрсоқырлықпен құлай

берілгендері сонша, ақылмен әрекет ете алмайтын күйге

жетті. Хазірет Осман, Али, Талха мен Зүбәйір (р.а.)

секілді алдыңғы қатарлы сахабалардан, Омеядтардың

залым басшыларынан алшақтағандардың бәрі осы

топқа келіп қосылды. Сөйтті де, аталған сахабаларды

кәпірге санап, олардан барынша бойды аулақ ұстауға

тырысты.

Харижиттер мұсылмандар арасында алғашқы

бидғаттарды жасаушы, адасқан топ болып табы-

лады. Олар амалды иманның ажырамас бөлігі деп

санағандықтан, үлкен күнә жасаушыларды кәпірге

санап, оларға қарсы соғысу қажет деген. Осы

пікірлерінің нәтижесінде, мұсылмандардың қанын

суша төкті, діни мәтіндерді сөзбе-сөз түсініп, тек

сыртқы мағынасын ғана алып, көрсоқырлыққа байла-

нып қалған топ. Олардың көпшілігі шөл даланы мекен

еткен бәдәуи арабтар

547

.

Мүржия

«Мүржи» – араб тілінде үміт ету мағынасын

білдіретін «рәжә» сөзінен шыққан. Қандай да бір істі

546

Сонда, 106-б.

547

Бұл да сонда, 107-115-б.