309
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
жатқан. Бұл жайлы «Нәхжул-Бәлаға» атты кітапта: «Бұл
мәселеде олар дұрыс шешім қабылдағандықтан, тура
жолды тапты. Өйткені, орта жолды таңдады. Хазірет
Али өзіне дейінгі халифалардың халифалығына разы
болды, соларға биат етті. Оларға ұйып, намаз оқыды.
Біз бұдан аттап кете алмаймыз»
542
делінген.
Шектен шыққандар
Ғұлат-ы шиға шииттердің астамдыққа бой
алдырғандары болып табылады. Олар хазірет Алиді
пайғамбар дәрежесіне дейін көтереді. Араларынан
кейбірі Жәбірейіл періште пайғамбарлықты негізі
хазірет Алиге әкелуі тиіс еді, қапелімде жаңылысып
хазірет Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
түсірген деп
сенеді. Ал енді бірі хазірет Алиді құдай дәрежесіне
де шығарады. Енді бір тобы Құдай тағала Али мен
басқа да имамдардың тәніне жасырынған (хулул) деген
сенімде болды. Бұл Аллаһ Исаның тәніне енді деп
сенетін христиандық сеніміне ұқсайды. Араларынан
әр имамның рухына Аллаһ енген, ол кейінгі имамға
беріліп отырады деп сенетіндер де бар.
Шииттердің көпшілігі соңғы имам тірі деп сенеді.
Соңғы имам күндердің күнінде зұлымдық жайлаған
әлемде әділеттілікті орнатады. Ал сәбәия тобы болса,
Али ибн Әбу Талибтің тірі екеніне, өлмегендігіне бек
сенімді. Енді бір қатары Мұхаммед ибн Ханифаның
тірі екенін, Радуа тауында жасырынғанын, қасында
бал мен су бар екенін айтады. Он екі имамға ерушілер
он екінші имам Мұхаммед ибн Хасан Аскарияға
«Махди» дәрежесін таңады. Оның Хиллада бір үйдің
жертөлесінде ел көзінен таса өмір сүретінін, ана-
542
Бұл да сонда, 96-б.