Previous Page  313 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 313 / 400 Next Page
Page Background

313

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

деп, Жаратқанның еркіне тапсырған топ пайда болды.

Бұларға «үміт артушылар, үміттенушілер» ұғымына

келетін «Мүржия» деген атау берілді.

Мұндай пікірталастар әділетті төрт халифаның

төртіншісі болған Алидің (р.а.) тұсында өрши түсті.

Үлкен күнә істеп қойған мұсылманды харижиттер

«кәпір» десе, мұғтазила ағымы «пасық» деп үкім

берген. Сол кезеңнің танымал ғалымы әл-Хасан әл-

Басри және өзге де ғалымдар ондай кісіге «екіжүзді»

деп пәтуа берді. Көпшілік мұсылмандар ондай кісіге

«күнәһар мұсылман» деп үкім берген. Ондай пендені

Аллаһ қаласа, кешіреді немесе жазасын береді деген

бағытты ұстанды.

Мүржия ағымы бойынша күпірлікпен бірге

мойынсұнудың пайдасы болмағандай күнә істеу

иманға зиян келтірмейді. Олар «Лә иләһә илләллаһу

Мухаммәдур Расулуллаһ» (Аллаһтан басқа ешбір тәңірі

жоқ, Мұхаммед Оның елшісі) деген кісіні жасаған

күнәсі үшін кәпір немесе мүшрік деп айта алмаймыз,

кімнің кім екендігін Аллаһ біледі деген қағиданы

ұстанған.

Кейінгі уақытта шыққан мүржилер алдыңғылардан

өзгеше түсінік қалыптастырды. Олар үлкен күнә

істеген мұсылманның жағдайын Аллаһқа тапсырумен

шектелмей, шектен шығып, күнә жасау иманға зиянын

тигізбейді деген пікірді ұстануға көшті. Сенімдерін:

«Иман – тілмен айту, жүрекпен қуаттау, сену және

білуден тұрады. Амал ету өз алдына бөлек нәрсе», –

деген қағидаға негіздеді.

Кейбір мүржилер иман жүректегі ұғым екендігін

алға тартты. Діни үкімдерді тек біліп, сеніп қоюмен

шектелген мүржилер үшін амал етудің маңызы болма-