312
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
кейінге қалдыру, Аллаһқа тапсырып, жақсылығын,
ақырын Аллаһтан күтушілерге берілген атау болып та-
былады.
Үлкен күнә жасаған адамның жағдайы қандай
болмақ деген мәселе сол кездері мұсылмандар арасын-
да түрлі ағымдардың шығуына түрткі болған еді. Бұл –
мүржияның шығуына себеп болған негізгі себептердің
бірі. Мүржиялар әуелі саяси топ ретінде пайда болып,
кейін діни негіздерді де басшылыққа алғандықтан діни
ағымға айналды.
Мүржия ағымының негіздері халифа Османның
(р.а.) халифалық кезеңінде қалыптаса бастады. Халық
арасында әкімдердің әділетсіздігі мен қатыгездігі елдің
наразылығын тудырып, астыртын ұйымдастырылған
әрекеттердің салдарынан халифа Осман өлтіріліп,
мұсылман үмбетінің арасына сызат түсті. Осы
оқиғалар барысында кейбір сахабалар үнсіз қалуды
жөн көріп, мұндай бүліктерге араласпады. Сонымен
қатар, Сыффин соғысында бір-бірімен шайқасқан Али
(р.а.) мен Мұғауия жақтастары жайлы да үнсіз қалу
ұстанымын таңдады. Өйткені, бір-бірімен шайқасқан
екі топ та мұсылман еді. Үнсіз қалып, бүліктерге аралас-
пауды таңдаған топтың ішінде Сағыд ибн Әбу Уаққас,
Абдуллаһ ибн Омар, Имран ибн Хусейн сынды таны-
мал, беделді сахабалар бар еді. Өлген мұсылмандардың
үкімін сұрағандарға, «Аллаһ біледі» деп қысқа
қайырған. Аты аталған сахабалар секілді басқа да
сахабалардың үлкен күнә істеген мұсылман жайында
еш нәрсе айтпауы, соғысқа қатысқан мұсылмандарды
қатты мазалай бастады. Нәтижеде бүлікшілер, соғысқа
қатысқан мұсылмандар мен үлкен күнә істеген
мұсылмандардың жағдайын тек Аллаһ қана біледі