314
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
ды. Олардың пікірі бойынша мұсылман қоғамында өмір
сүріп, тілімен күпірлікке барып, пұттарға табынған,
христиандарға қосылып, үштік сенімде болған
адамның өзі Аллаһтың алдында кемел бір мұсылман
және жаннаттық болып табылады.
Сол себепті, ғалымдар мүржилерді екі топқа
бөліп қарастырады. Бірінші топтағылар – сахаба-
лар арасындағы түсініспеушілік пен қақтығыс және
Омеядтар билігі кезіндегі бүліктерге үкім беруден
бас тартқандар. Екінші топтағылар болса – иман
мәселесіне атүсті қарап, Аллаһ күпірлік пен серік
қосудан басқасының бәрін кешіреді деген сенім бойын-
ша иман еткен кісі не істесе де болады деп, ізгі амалды
тәрк етушілер. Бұл топтағы муржилер алдыңғы сахаба-
лар мен ғалымдардың беделіне кір келтіріп, өзгелердің
сынына ұшырады.
VIII ғасырдың бірінші жартысында мүржия
сенімінің негіздері қаланды. Оған алғаш рет иржа
түсінігімен адамның ерік-қалауын біріктірген, 742
жылы Дамаскіде өлтірілген Ғайлән әд-Димашқи,
адамның іс-амалының тағдырға тәуелділігін және
Құранның жаратылғандығы түсініктерін уағыздаған
Жәхм ибн Сафуан (745 жылы Мәруде өлтірілген);
антропоморфизм түсінігін уағыздаған Мұқатил ибн
Сүлеймен т.б. секілді дін адамдары өзіндік үлестерін
қосты.
Мүржия ағымын Наубахти аймақтық ерек-
шеліктеріне байланысты мына төрт топқа бөлген:
1. Жәхмилер немесе хорасандықтар; 2. Ғайланилер
яки сириялықтар; 3. Мәсирилер, яки, ирактықтар;
4. Шуккак (күмәнданушылар), бутриттер, дәстүрлі
хашауиялықтар.