Previous Page  286 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 286 / 400 Next Page
Page Background

286

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

көзқарасы дұрыс емес» деп, ағат үкім беру орынсыз

һәм негізсіз, ең бастысы абыройсыз тірлік болмақ.

Бұл тек хадис пен фиқһ мәселелерін терең зерттеп,

ол жайлы осы уақытқа дейін басқа да ғұламалардың

тұжырымдарын, ойларын ой сүзгісінен өткізіп барып

өткенді бүгінге, бүгінгіні келешекке жалғаған ғибрат

мектебі десе болғандай. Естен кетпейтін ерекше

қабілетке ие һәм мүжтәхид ғалым екенін ғұламалар

бірауыздан мойындаған Әбу Ханифа Исламның

әлемге шуақ шашқан сахабалар мен солардың тәлімін

алған, ғылым мен тақуалықта айтулы шоқ жұлдыз

боп жарқыраған шоғырдай топ табиғин мен атбағут-

табиғин кезінде өмір сүргенін ескерсек, пікірлері мен

ұстанған өлшемдерінің Ислам рухына сай келетінін

көреміз.