Previous Page  287 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 287 / 400 Next Page
Page Background

287

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы

Хадис пен сүннетің түрлері және

оларға «мойынсұну» үкімі

Хадис тізбегі Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

дейін «үзілмесе», онда сахих деп қабылдауға болады.

Ал егер тізбекте бір не екі риуаятшының есімі аталма-

са, онда хадиске күмәнмен қарауға тура келеді.

Осылайша, тізбегінде «мін» жоқ, риуаятшылары

түгел хадиске мүснад делінеді. Ал тізбегінде қандай

да бір сабақтастық сақталмаса, онда оған мүрсал хадис

делінеді

513

. Хадисшілер тізбекті негізге ала отырып

хадистерді «Мутауатир» және «Ахад» деп екіге бөліп

қарастырса, ханафилер «Мутауатир», «Мәшһүр»,

«Ахад» деп ат қойып, айдар тағып, үш топқа бөледі

Алдымен мүснад хадистің үш түрін жеке

қарастырып, түсіндіре кетейік:

1. Мутауатир хадис

Мутауатир хадис– өзара жалған айтуға келісіп алу-

лары мүмкін емес бір топ сенімді адамдардың өздері

секілді, сенімді адамдардан кейінгілерге жеткізген ха-

барлары

514

.

Кеңірек тоқталсақ, мутауатир деп, барлығы

бірауыздан келісіп қасақана жалғандыққа бармайтын

сенімді бір топтың өздерінен кейінгі екінші бір буынға

(осылайша бірнеше ғасыр жалғасуы) қаз-қалпында

513

Хадис тізбегі риуаятшылардың сабақтастығы сақталмаған

хадистерді «мунқати» деп те атайды. Алайда бұлардың да

мүрсалден басқа түрлері көп. Әбу Ханифа мәзһабында мүрсал

хадисті жиі қолданғандықтан осыған тоқталып отырмыз.

514

Таххан,

Тайсиру мусталахил- хадис,

18-б.