290
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
шариғаттың тармақтарында ғана сақтық шараларына
белгілі бір шарттарды сақтай отырып қолданылады.
Фиқһ ғалымдары ахад хадис сенімді, сөзі мен ісі бір
жерден шыққан тақуа біреу арқылы келіп жетсе, оны
қабылдаған.
Ал мутауатир хадис пен мәшһүр хадис – дәлелдік
жағынан сенімді болып табылады. Қажетті жағдайда
бұл хадистерге амал ету − міндет. Бұл шариғаттың
негіздері мен тармақтарына бірдей сенімді дәлел са-
налады
521
.
4. Мүрсал хадис
Мүрсал хадис– хадис тізбегіндегі бір риуаятшысы
түсіп қалған хадис
522
.
Мысалы, табиғиннің хадисті қай сахабадан
алғанын айтпай, тікелей «Пайғамбарымыз былай деді»
деп риуаят етуі. Бұл мысалда табиғин хадисті тікелей
пайғамбарымыздың өз аузынан естігендей жеткізуін
жеткізгенмен арадағы сахабаны аттап кеткен. Бұл
жағдайда түсіп қалған риуаятшының хадис тізбегінің
қай жерінде, риуаятшы рет санының қандай екені
маңызды емес. Мүрсал хадистің төрт түрі бар:
1. Мүрсал сахаби: сахабалардың біреуі оқиғаға
немесе қандай да бір жағдайға куә болған басқа
521
әл-Асғади,
әл-Мужаз фи усулил-фиқһ
, 216-б.
522
Хадис мүрсал – хадис тізбектеріндегі бір рауидің (сахабаның)
түсіп қалуы. Фиқһ ғалымдары (Имам Мәлік, Ахмед, Әбу Хани-
фа): «Егер хадисті сенімді біреуден жеткізген болса, онда ол ха-
дис сахих» делінген. Дәлелдері – бір табиғин сенімді біреуден:
«Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай деді» деп, өз жа-
нынан қосып немесе хадистің «өңін» өзгертіп, жалған айтуы
мүмкін емес. Қосымша қараңыз: Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі
(тарихы және әдіснамасы), 252-255-б.