Previous Page  284 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 284 / 400 Next Page
Page Background

284

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

қолдарын көтерген», – дейді. Аталмыш сахих хадисті

бір кісідей білетін Әбу Ханифа:

– Хаммад Ибраһимнен, ал Алқама Абдуллаһтан

риуаят еткен хадисте: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен

сендерге Аллаһ елшісінің намазды қалай оқығанын

көрсетейін бе?» – деп намаз оқыды. Намазда екі қолын

тек бір-ақ рет көтерді» – деген»

510

деп, келетін екінші

бір сахих хадисті келтіреді. Бұған күмәнмен қараған

Әузағи әлі де нақтылай түскісі келгендей:

– Мен саған Зухриден Салим арқылы келіп

жеткен хадисті айтып тұрмын, ал, сен болсаң, маған

Хаммадтың Ибраһимнен жеткізген хадисті келтіресің,

– дейді нәумез үн қатып. Сонда хадистен бұрын оны

жеткізуші риуаятшылардың білімділігіне сын көзбен

қарайтын Әбу Ханифа Әузағиға :

–Менің хадисімді жеткізген Хаммад сенің хадисіңді

риуят еткен Зухриді фиқһ жағынан он орап алады. Сол

секілді Ибраһим ән-Нәхәи де Салимнен фиқһты жақсы

меңгерген. Алқама да Абдуллаһ ибн Омардан кем емес.

Ибн Омардың сахабалық деңгейі болса да, Асуадтың да

бірнеше артықшылықтары бар. Ал Ибн Мәсғудтқа аты

аталғандардың ешбірі білім-білігімен тайталаса алмай-

ды» – деп, өзінің айтқан хадисінің риуаятшылары фиқһ

ілімін жетік меңгерген, білімді адамдар екендігін алға

тартады

511

. Яғни, Әбу Ханифа хадистың ең абзалын

таңдағанда рауилердің фиқһты меңгеру деңгейлеріне

де мән берген;

• Хадис риуаят еткен кісі хадисте баян етілген

хабарға қарама-қайшы келетін қадамға бармауы

керек. Мысалы: Әбу Хұрайра ит су ішкен ыдысты

510

Нәсәи,

Сунан

1-т., 221-б. 645-хадис

511

Әбу Захра,

Әбу Ханифа

, 244-б.