ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
128
Сұрақ:
Ал зекетін кембағал ағайын-туыстарын-
на берсе ше?
Жауап:
Туысқан деген өзі екіге бөлінеді. Бір-
ріншісі туған әке-шешесі, ата-әжесі, ұлдарымен
немере-шөберелері. Екіншісі бір туған аға-іні,
апа-сіңлі, әкесінің аға-інісі және апа-қарындасы
осылай жалғаса береді. Бірінші бөлігіне зекет
беруге болмайды, яғни, әкесі баласына немесе
баласы әкесіне беруі зекетке саналмайды. Ал
екінші бөлігіне беруі, яғни әкесінің аға-інісін-
не немесе апа-қарындасына берсе екі сауапқа
бөленеді. Біріншіден парыз амалын орындаған
болса, екіншіден ағайын-туысқандарымен
қарым-қатынаста болған сауабын алады.
Сұрақ:
Егер мұны – малдың зекеті десек,
олар (ағайындар) алмайды. Ондай жағдайда
оларға берудің жолы қандай болмақ?
Жауап:
Оларға – «малдың зекеті» деп
жариялаудың қажеті жоқ. Бар болғаны
«малымның зекетін беріп жатырмын» деп ішт-
тей ниет етсең болды. Оларға «хадия» дей сал.
Бірақ, беріп жатқан кісің зекет алуға жататын
болсын (пақыр, міскін т.б.). Ал Бәни Хашимнің
ұрпағына пақыр ма, міскін бе бәрібір зекет бер-
руге болмайды.
Сұрақ:
Күйеуі әйеліненемесеәйелі күйеуіне
берсе зекеті зекетке есептеле ме?
Жауап:
Әбу Ханифаның пікірі бойынша