ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
130
Сұрақ:
Тіршілік жасап жүрген, бірақ, зекет
уәжіп болатындай дүниесі жоқ кісіге зекет бер-
руге бола ма?
Жауап:
Ия, зекет беруге міндетті болмаса
да зекет беруіне болады.
Сұрақ:
Зекет беретін кісінің өзі тұратын
қаладан басқа қалаға апарып беруіне
шариғатымыз не дейді?
Жауап:
Негізінде зекет сол қауымның
ішіндегі кембағалдарға бөліп берілетін
болғандықтан, басқа қалаға апарып берілмейд-
ді. Ал апарып беретін болса мәкрүһ саналады.
Бірақ, жақын ағайындарына немесе аса мұқтаж
болған қалаға апарып беруге рұқсат.
Ей, бауырларым! Шариғат парыз етк-
кен зекеттерді өтеп, өздеріңді күнәдан
пәктеңдер. Зекеттің пайдасы бар, зиян-
ны жоқ. Сондықтан сіздерге уәжіп болған
мөлшерін бөліп беріңдер. Аллаһ Тағаладан
берген зекеттеріңнің қабыл болуын, қалған
малдарыңа береке беруін сұраңдар.
Бауырларым! Зекетті өз орны-орным-
мен Аллаһ Тағала көрсеткен тиесілі жеріне
бермесең қабыл болмайды да, зекетің зекет
саналмайды. Мойныңдағы қарызды өтеп,
малдарыңды тазалап, Раббыңның әмірін
орындау және садақаңның қабыл болуы үшін